Бөлім тақырыбы: Бос уақыт және хобби Сабақтың тақырыбы : Хобби еріккеннің — презентация
logo
Бөлім тақырыбы: Бос уақыт және хобби Сабақтың тақырыбы : Хобби еріккеннің
  • Бөлім тақырыбы: Бос уақыт және хобби Сабақтың тақырыбы : Хобби еріккеннің

1/19

Первый слайд презентации

Бөлім тақырыбы: Бос уақыт және хобби Сабақтың тақырыбы : Хобби еріккеннің ермегі емес Қазақ тілі 5-сынып

Изображение слайда

Слайд 2

Негізгі концепт: қарым-қатынас Пәндік концепт: көзқарас Ғаламдық мәнмәтін: тұлғалар мен қарым-қатынастар (құндылықтар мен көзқарас) Зерттеу идеясы: мәтінді талдау барысында қарым-қатынас жасай отырып құндылықтар жайлы көзқарас қалыптастырады. ХБ

Изображение слайда

Слайд 3

Оқу мақсаттары: 5.Т/А5.Тыңдалым мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру; 5.Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау. Сабақ мақсаттары: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Мәтіндерді түзетіп, редакциялайды.

Изображение слайда

Слайд 4

Бағалау критерийлері: Мәтінді тыңдайды Сұрақтарға жауап береді; - Мәтінді түзетіп, редакциялайды.

Изображение слайда

Слайд 5

ОЙ ТАСТАУ, ОЙЛАНТУ Берілген сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжам жасап көрелік. «Хобби» деген не? Ұлы адамдардың хоббимен айналысқанын естіп пе едің?

Изображение слайда

Слайд 6

Тыңдалым мәтіні. Хобби («yobby») ағылшын тілінен алғанда «сүйікті ісіңмен айналасу» дегенді білдіреді. Бұл – ләззат алу үшін орындалатын адам әрекетінің бір түрі, яғни адам өзінің бос уақытында қуана-қуана айналысатын ісі. Адамның сүйікті ісі оны күйзелістен, ашу-ызадан құтқарады. Оның үстіне ол адамның жпн-жақты болуына көмектеседі. Хоббидің негізгі мақсаты – өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Microsoft (Майкрасофт) компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс тенис және бридж ойнауды жақсы көреді. Әсіресе, оның кітап оқуға деген құмарлығы кішкентай күнінен басталған. Ол кітапханасын сирек кездесетін кітаптармен толықтыруға арнайы адам жалдаған. Телеграф, телефон, киноаппарат, фонограф тәрізді дүниелерді өмірге алып келген XX ғасырдың басындағы ұлы адам – Томас Эдисон түрлі диетаның адам ағзасына әсерін зерттеумен айналысқан. Facebook ( Фейсбук) әлеуметтік желісін құрушы Марк Цукерберг жыл сайын өзінің хоббиін өзгертіп, әлем туралы түсінігін кеңейту үшін бос уақытын түрлі пәндер оқуға арнаған. Ол мұны өзін-өзі дамыту үшін істеді, сондықтан ол әлемге жан-жақты адам ретінде танылды. Хобби осылайша адамдардың негізгі кәсібіне кедергі жасамайды, керісінше оның жан-жақты болуына және өмірінің мағыналы өтуіне көмектеседі екен.

Изображение слайда

Слайд 7

Тапсырма №1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. «Хобби» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Адамдар не үшін хоббимен айналысады? Мәтінде айтылған ұлы адамдардың есімі, істеген ісі сендерге таныс па?

Изображение слайда

Слайд 8

Тапсырма №2. Хоббидің пайдасы туралы кластер жасап, ойыңды дәлелдеп жаз. ХОББИДІҢ ПАЙДАСЫ

Изображение слайда

Слайд 9

Тыңдалым алды тапсырма Жазушылардың ермек істері бола ма ? Шоқанның әуестенген сүйікті ісін білесіңдер ме? Хоббидің денсаулыққа қандай әсері бар ?

Изображение слайда

Слайд 10

Тапсырма №3. Мәтінді тыңдап, есте сақтаңдар Әр адамның қызығатын, әуестенетін ісі болады. Мұны кейде хобби деп те атаймыз. Біреулер үшін хобби ермек сияқты көрінуі мүмкін. Ал енді біреулер содан рухани ләззат алады. Олар сол әуестіктері үшін барлық уақытын сарп етуге бар. Мәселен, I Петр патшаның ұсталықпен айналысып, түрлі коллекция жинағаны жайлы дерек бар. Атақты химик Дмитрий Менделеев чемодан жинағанды жақсы көрген екен. Леонардо да Винчи атақты суретші ғана емес, керемет аспаз болған. Лев Толстойдың жазушылығын ел білгенімен, етікшілігі жайлы ешкім білмейді. Әдемі әуестігі бар жандар бізде де аз емес. Қазақ топырағындағы ең алғашқы коллекционер – Шоқан Уәлиханов. Шоқанның көптеген коллекциясы мен бай кітапханасы болыпты. Ол сирек кездесетін қымбат тастарды жинап, кейіннен оларды Германияның Дрезден қаласына сыйға тартыпты. Оның ескі музыкалық аспаптарды жинағаны да белгілі. Айта берсек хоббидің түрі сан алуан. Психологтер «хоббиі бар жандардың денсаулығы да жақсы болады» дегенді айтады.

Изображение слайда

Слайд 11

АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ Синоним дегеніміз – мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әртүрлі сөздер. Мысалы: сұлу - әдемі, әсем, көркем, көрікті, ажарлы, ару, келбетті, шырайлы, өңді. Синоним сөздер мағыналарының жалпы жақындығына қарай бір топқа жинақталуы синонимдік қатар деп аталады. Синоним болу үшін: Сөздер әртүрлі дыбысталуы тиіс; Мағыналас сөздер бір сөз табына ғана қатысты болуы керек.

Изображение слайда

Слайд 12

Тапсырма №4. Мәтін ішіндегі мына бес сөздің синонимін, бес сөздің антонимін тауып жазыңдар Синоним сөздер: Қызығатын – Ісі – Атақты – Керемет – Алғашқы – Антоним сөздер: Жақсы – Аз – Сирек – Қымбат - Ескі –

Изображение слайда

Слайд 13

Өзіңді тексер Синоним сөздер: Қызығатын – әуестенетін Ісі – жұмысы Атақты – танымал Керемет – тамаша Алғашқы – бірінші Антоним сөздер: Жақсы – жаман Аз – көп Сирек - жиі Қымбат - арзан Ескі –жаңа

Изображение слайда

Слайд 14

Тапсырма №5. Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзетіп, редакциялап жазыңдар. Уақыт кері ғайдпайды. Сондығтан әргім өз уақытын тиімді әрі пайдалы істерге жұмсауы керег. Ол үшүн өзіңө ұнайтын іспен айналысыб, күн тәртібінен пайдасыз істерді алыб тастау керег. Бір гүнгө, абта, ай немесе бір жылға жоспар ғұру маңызды істерді айқындауға, уақытты босқа жібермеуге көмөктөсөді.

Изображение слайда

Слайд 15

Өзіңді тексер Уақыт кері қайтпайды. Сондықтан әркім өз уақытын тиімді әрі пайдалы істерге жұмсауы керек. Ол үшін өзіңе ұнайтын іспен айналысып, күн тәртібінен пайдасыз істерді алып тастау керек. Бір күнге, апта, ай немесе бір жылға жоспар құру маңызды істерді айқындауға, уақытты босқа жібермеуге көмөктеседі.

Изображение слайда

Слайд 16

Тапсырма №5. Өз ойыңды талқылап, жазып көр Сен қалай ойлайсың? Әуес іспен айналысу – уақытты сарп ету Келісемін, себебі..... Келіспеймін, өйткені....

Изображение слайда

Слайд 17

Хобби еріккеннің ермегі ме?- деген сұрақ төңірегінде бүгінгі сабақты қорытындылау. Мына сөйлем ретімен өз пікірлерінді білдіріңдер. Бірінші сөйлем. « Менің ойымша....» Екінші сөйлем. « Себебі, мен оны.... деп түсінемін » Үшінші сөйлем. «Оны мен.... деген факторлармен, мысалдармен дәлелдей аламын» Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен.... деген шешімге келдім »

Изображение слайда

Слайд 18

КЕРІ БАЙЛАНЫС Егер бүгінгі сабағымызда төмендегі іс-әрекеттерді толық жасаған болсақ, онда алдымыздағы білім есігінің кілтін дәл тауып, аша алдық деп ойлаңыздар. - мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бердік; -көтерілген мәселе бойынша өз ойымызды білдірдік; - м әтінді орфография ережесіне сай түзетіп, редакцияладық.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Бөлім тақырыбы: Бос уақыт және хобби Сабақтың тақырыбы : Хобби еріккеннің

Қ ОСЫМША ТАПСЫРМА «Мен уақытты бағындыра аламын» деген тақырыпта шағын эссе жазу.

Изображение слайда

Похожие презентации