Первый слайд презентации: Бұлшықет тіндері. Қаңқа бұлшықет тіндерінің қалпына келуі, жасқа және өмір тіршілігіне байланыты бұлшықеттердің өзгерісі. Жүрек бұлшықет тіндерінің қалпына келу мүмкіншілігі. Эпидермальді және нейралды бұлшықет тіндерінің шығу тегі
Орындаған:Әмірбекова Ф.А Тексерген:Толегенов А.Т Астана - 2011
Слайд 2
Құрылысы әртүрлі болып келетін, бірақ жиырылу қабілетіне ұқсас тіндерді бұлшықет тіндері деп атайды.
Слайд 3: Морфологиялық сипаттамасы
Бұлшықет тінінің элементтерінің сырт пішіні ұзартылған. Ұзыннан орналасқан миофибриллалар жиырылатын актин, миозин ақуыздарының өзара әрекеттестігінен бұлшықет элементтерінің пішінін өзгертіп отырады. Энергия қорын бұлшықет элементтерінде гликоген мен липидтер қалыптастырады.
Біріңғай салалы ет ұлпасының жасушаларын миоцит деп атайды. Миоциттер ұршық пішінді ядросы орталық бөлігінде орналасады. Миоцит жиырылған кезде ядросы майысып оралып кетеді. Гольджи комлексі мен түйіршікті ЭПТ нашар дамыған, ал рибосомалары еркін орналасады.
Слайд 7
Цитолеммасы көптеген ойыстарды пиноцитозды көпіршіктер мен кавсолаларды құрайды, бұлар арқылы цитоплазмаға кальций иондары жеткізіледі. Цитоплазмада актин филоменттері ұзына бойы немесе бұрыш құрап орналасады. Актин милофиломенттері D актинин белогынан тұрады. Плазмолеммаға байланысқан тығыз денешіктерде винкулин белогы бар.
Слайд 8
Миозинді миофиломернттер миоцит цитоплазмасында ұзына бойы орналасқан. Молекулярлық байланыстың нәтижесінде актин және миозин жіпшелерін қарама - қ арсы жылжытып жақындатқан күш цитолеммаға жетіп, жасушаның пішінін өзгертеді. Әрбір миоцит базальді мембранамен қоршалған. Мұндағы тесіктердің аймағында, көрші миоциттердің арасында саңылау сияқты байланыстар (нексустер) пайда болып, миоциттер мен ұлпалардың қызметтік байланыстарын қамтамасыз етеді.Базальды мембранаға көптеген ретикулярлы фибрилдер енілген.
Слайд 9: Қаңқа бұлшықет тіні
Дамуы: мизодерма сомид бөлігі миотоп сигментінен дамиды. Оның құрылым қызметтік бірлігіне бұлшықет талшығы жатады. Миосимпласттар Миосателитоциттер
Слайд 10: Қаңқа бұлшықет тіні
Бұлшықет телшығы миофибриллалардың, митохондрияның өзара теңдігіне байланысты 3 түрге бөлінеді: Ақ бұлшықет талшығы Қызыл бұлшықет талшығы Аралық бұлшықет талшығы Қызметтік ерешеліктеріне байланысты 3 түрге бөлінеді: Жылдам бұлшықет талшығы Баяу бұлшықет талшығы Аралық бұлшықет талшығы
Слайд 11: Қаңқалық бұлшықет ұлпаларының құрамындағы элементтері
Ең басты элементі ет талшығы болып саналады,ол миосимпласт және миосателитоциттерден тұрады. Миосимпластар плазмолеммамен қапталған. Бұл арқылы мембраналық әсер беруші потенциал тарқалып, Т - түтікшклер мембранасына өтіледі. Плазмолемманың астында ядролар орналасады, миосимпластта ядролардың сандары бірнеше он мыңдарға жетеді. Пішіндері созылыңқы келеді. Симпласт жасуша болып саналмайды
Слайд 12
Ядродан төберекте Гольджи комлексі, түйіршіксіз ЭПТ және митохондрийлар орналасқан. Түйіршіксіз ЭПТ нашар дамыған. Арнайы оргонеллаларға миофибриллалар жатады. Миофибрилдер мен телофрагмалардың маңында эластикалық қасиетке ие титин және небулин белоктары анықталған. Миофибрильдер бір - бірінен ажыратылған түрде орналасады. Миофибрилдердің аралрында көптеген ірі митохондриялар орналасады.
Слайд 15: Тегіс тіндер
Шығу тегіне байланысты 3-ке бөлінеді: мезинхимді эпитермальді нейтралдыъ Дамуы: мезинимадан Тегіс бұлшықет бірлігіне тегіс миоцит жатады.
Слайд 16: Эпидермальді ет ұлпасының дамуы
Тері эктодермасынан дамитын бұл ұлпаның элементтеріне миоэпителиалды жасушалар жатады. Бұлар тері, сүт, сілекей, көз жасы бездерінде орналасады. Бұлар жалпы бастама беруші жасушалардан, секреттеуші эпителиалды жасушалармен қатар дифференцияланады. Миоэпителиалды жасушалар эпителиалдыларға жанасып, дәнекер ұлпасынан мембрана арқылы шектелінеді.
Слайд 17
Миоэпителиалды жасушалар жұлдызша пішінге ие және өсінділермен бездерінің соңғы бөлімдері мен ұсақ шығарушы өзектерін қоршап тұрады.Бұларды себет сияқты жасушалар деп те атайды. Жасушаның ортаңғы бөлігінде ядро мен оргонеллалар орналасады, ал өсінділерінде қысқаратын аппарат орналасқан. Өсінділердің қысқарылуы бездерінің секреттерін бөліп шығартады.
Слайд 18
Нейралдық ет ұлпасының дамуы Бұл ұлпагның миоциттері көз кесесі қабырғасының құрамындағы нейтральдық бастама жасушаларынан дамиды. Құрылыстары бойынша қысқаратын аппаратқа ие, жолақсыз миоциттер болып саналады.
Слайд 19: Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
1 ) Жүректің көлденең жолақты бұлшықет 2 ) Қаңқаның көлденең жолоақты бұлшықеті Кардиомиоциттердің түрлері: қысқартушы, өткізуші, аралық секреттеуші.
Слайд 21: Жүрек бұлшықет тіні
Дамуы: мизодерма Даму барысында 5 түрлі жасуша түзіледі: Жиырылғыш Пейсмекер Аралық Өткізгіш Секреторлы
Слайд 22: Жүрек бұлшықет тіні
Құрылыстық қызметтік бірлігіне жүрек жасушасы кардиомиоцит жатады. Кардиомиоциттер бір-бірімен қосылып, бұлшықет талшықтарын құрады.
Слайд 23: Қысқартушы кардиомиоциттердің құрылысы
Жасушалардың пішіні цилиндр тәрізді ұзынша келген. Кардиомиоциттер тармақталып тор құрайды. Олардың бүйір жағы базальды мембранамен қапталған, құрамында жіңішке ретикулярлы және коллаген талшықтары бар. Ядросы сопақша пішінді жасушаның ортасында орналасқан. Цитоплазмада оргонеллалар: жасуша орталығы, Гольджи комплексі, түйіршікті ЭПТ нашар дамыған, жеке лизосомалар кездеседі. Түйіршіксіз ЭПТ жақсы дамыған
Слайд 24
Цитоплазмада миоглобин қосындылары біркелкі тарқалған. Миофибрильдердің маңында, ал митохондриялар тізбектер құрайды. Миофибрильдер тұрақты түрде кездесіп тәртіпті орналасқан актин және миозин жіпшелерінен құралған. Бұлар басқа белоктардан құралған телофрагма және мезофрагма деген арнайы құрылымдары арқылы қозғалмай тұрады.
Последний слайд презентации: Бұлшықет тіндері. Қаңқа бұлшықет тіндерінің қалпына келуі, жасқа және өмір: Өткізуші кардиомиоциттердің ерекшеліктері
Жұмысшы кардиомиоциттерге қарағанда өткізушілер ірілеу болып келеді. Цитоплазмасында арнайы қызмет атқаратын органеллалардың барлығы бар, митохондриялар майда және біркелкі тарқалған. Миофибрильдер жасушаның шеткі аймағына аз мөлшерде орналасқан. Цитолеммасы Т жүйесін құрмайды. Өткізуші кардиомиоциттердің арасында қондырма дисктері қарапайым түрде орналасқан.