By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек — презентация
logo
By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
  • By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек
1/7

Первый слайд презентации

By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек Мейіржан

Изображение слайда

Слайд 2

01 02 03 04 05 06 07 08 Бауыраяқтылар немесе ұлулар (лат. Gastropoda) – 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Кейбіреуі тоғандарда, құрлықта тіршілік етеді. Жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін қамтып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 3

Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, көпшілігінің денесі ұзынша және арқа жағы томпайып шығыңқы болып келеді. Жақсы жетілген басының бауыр жағында аузы, арқа жағында 1-2 жұп қармалауышы мен жұп көздері орналасқан. Екі жұп қармалауыштың бірінші жұбы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын тұмсықша ретінде созылып тұрады.

Изображение слайда

Слайд 4

Бауыраяқтылардың сырттай ұрықтануымен қатар (қарапайым түрлерінде), көпшілігінде іштей ұрықтану дамып қалыптасқан. Жұмыртқаларын денесінен бөліп, ауада тез қатпайтын сұйық заттың — пілләнің ішіне салады. Жұмыртқаның бөлшектенуі көпқылтанды құрттардікі (Polychaeta) сияқты толық, біркелкі емес, спиральді, детерминативті. Бұларда да төрт макро-мен микромерлері құралады (А,В,С,Д және a,B,c,d) және Д бластомерадан, оның 4d ұрпағынан мезодерма қалыптасады. Төменгі сатыдағы алдыңғыжелбезекті (Prosobranchia) моллюскалардың жұмыртқаларынан көпқылтанды құрттарға тән трохофора тәрізді дернәсіл шығады. Ол ауыз үсті немесе прототрох деп аталатын кірпікшелі белдеулерінің көмегімен біраз уақыт судың жоғарғы қабатында жүзіп жүреді де, кейін метаморфозға ұшырап, келесі желкен немесе велигер (лат. velum-желкен) дернәсіл сатысына ауысады. Жоғарғы сатыдағы алдыңғыжелбезектілер мен барлық артқыжелбезектілердің (Opisthobranchia) жұмыртқаларынан бірден желкен немесе велигер балаңқұрты шығады. Желкеннің ауыз алды бөлімінде, әрқайсысы толқынды кірпікшелер күлтесімен жиектелген (дернәсілның аты осыдан), 2—4, кейде 6 (Atlanta туысында) бүйір қалақшалары дамыған. Сонымен қатар, ауызының алдында қармалауыштары мен көздері, ауызының артқы, денесінің бауыр жағында аяқтың бастамасы мен статоцистер дамиды. Желкеннің арқа жағындағы эктодерма қабаты қалыңдап, кейін пайда болған ойыққа батып, оның түбінде бақалшақ безін түзеді. Бақалшақ безінің артында эктодерма қабаты қатпарланып мантия қуысының бастамасы мен қылаулатқышты жауып жатады. Өкпелілерде (Pulmonata) мантия қатпарлары денесінің оң жағында тереңдей түсіп, бірте-бірте алдыңғы ұшына өсуін жалғастырады. Төменгі сатыдағы бауыраяқтыларда мұның орнына мантия қуысының бастамасы, қылаулатқыш пен бақалшағы 180°-қа күрт айналады да ақырында қылаулатқыш дененің алдыңғы ұшында жатады. Желкен біраз уақыт суда жүзіп жүреді де, кейін су түбіне түсіп, ауыз алды кірпікшелер күлтесі редукцияланып, ересек түріне айналады. Жоғарыда сипатталған метаморфоз Prosobranchia мен Opisthobranchia класс тармағының өкілдерінде байқалады, ал Pulmonata класс тармағы өкілдерінің дамуы тікелей жүреді, яғни ұрықтың түрлене өзгеруі сатысы соңына дейін жұмыртқа қабығының ішінде өтеді де, сыртқа ересек түріне ұқсас моллюска шығады.

Изображение слайда

Слайд 5

Зәр шығару жүйесі өңдеу Бауыраяқты моллюскалардың бір жұп бүйрегінен көп жағдайда тек сол жақ бүйрегі жақсы дамып сақталады. Екі бүйрегі алдыңғы желбезектілер класс тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде бар, бірақ оның біреуі екіншісіне қарағанда нашар дамыған. Бүйрек, ол түрі өзгерген целомодукт, оның бір ұшы кірпікшелі воронка түрінде перикардия немесе целом қуысымен жалғасады да соңғы ұшымен мантия қуысына ашылады.

Изображение слайда

Слайд 6

Ocean Animals Бауыраяқтылардың барлық класс тармақтарында бақалшақтың редукциясы байқалады. Редукция мынадай кезеңдер арқылы жүреді: бақалшағы жақсы жетілген, бірақ жануардың денесі жиырылғанда бақалшаққа толығымен симайды; бақалшақ одан әрі кішірейе береді де екі мантиялы қатпарлармен көмкеріледі; мантия қатпарлары бір-бірімен бақалшақтың үстінде ортаңғы сызық бойымен бірігіп кетеді, соның нәтижесінде сыртқы бақалшақ ішкі нәзік жұқа тақтаға айналады; ішкі тақталы бақалшақ жойылып, оның орнын терідегі шашылып жатқан ұсақ ізбесті денешіктер басады. Мысалы, шырыш — Arion-да, жалаңаш-желбезіктілер —Nudibranchia-да, ал бақалшақтың барлық ізі Pterotrachea ұлуларында мүлдем жойылған. Бақалшақтың жойылуы көбінесе жүзіп өмір сүретін, құрлықта және паразит бауыр-аяқтыларда байқалады, өйткені жүзу және жорғалау үшін бақалшақ кедергі жасайды, яғни олардың қажеті жоқ.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: By Olivia Wilson Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрліілігі Орындаған Далелбек

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Изображение слайда

Похожие презентации