Первый слайд презентации
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Алтын Орда тарихындағы тайпа бектері мен билердің қызметі мен рөлі.
Слайд 2: Жоспар
Тақырыптың өзектілігі Диплом жұмысының нысаны. Жұмыстың мақсаты міндеті. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың деректік негізі. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері.
Слайд 3: Тақырыптың өзектілігі
Алтын Орда тарихындағы тайпа бектері мен билердің рөлі мен қызметі бірнеше себептерге байланысты үлкен өзектілікке ие. Тайпа бектері мен билердің рөлін түсіну Алтын Орданың саяси құрылымы туралы түсінік береді. Бұл көсемдер аймақтық басқаруда, тәртіпті сақтауда және өз руларының адалдығын қамтамасыз етуде негізгі тұлғалар болды. Олардың рөлдерін зерделеу бізге Алтын Орданың күрделі басқару жүйесін және билікті бөлу және біріктіру тетіктерін түсінуге көмектеседі. Әскери басшылық ретінде -тайпа бектері мен билері Алтын Ордада елеулі әскери билікке ие болды. Олар әскерлерді басқарды, әскери жорықтар ұйымдастырды және империя территориясын кеңейту мен қорғауда шешуші рөл атқарды. Олардың функцияларын зерттеу Алтын Орданың әскери стратегияларын және олардың империяның табысына әсерін түсінуге көмектеседі.
Слайд 4
Көшпелі қоғамдар ретінде - Алтын Орда көшпелі қоғамды көрсетті, ал тайпа бектері мен билері көшпелі өмір салтын сақтаудағы негізгі тұлғалар болды. Бұл Еуразиядағы көшпелі қоғамдардың әлеуметтік және экономикалық құрылымы туралы құнды мәліметтер береді. Тарихи мұра ретінде - Алтын Орда Еуразияның тарихы мен мәдениетіне ұзақ уақыт әсер етті. Тайпа бектері мен билердің рөлін зерттеу олардың Алтын Орданың ыдырауынан тыс ықпалын байқауға мүмкіндік береді. Ол бір кездері олардың бақылауындағы аймақтардағы мұрагер мемлекеттердің құрылуы, түркі және моңғол ықпалдарының таралуы, жалпы Моңғол империясының мұрасы сияқты кейінгі оқиғаларға жарық түсіруге көмектеседі.
Слайд 5: Дипломдық жұмысының нысаны
Алтын орда тарихындағы тайпа бектері мен билердің қызметі мен рөлі.
Слайд 6: Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Алтын орда тарихындағы тайпа бектері мен билердің қызметі мен рөлін анықтау. Айқындалған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер айқындалды:
Слайд 7
Айқындалған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер айқындалды: Алтын Орданың саяси құрылымдағы тайпа бектері қызметінің қалыптсауы мен ерекшеліктерін айқындау; Жошы әулетіне жатпайтын элитаның қалыптасуына ықпал еткен үдерістерді талдау; Алтын Ордадағы қыпшақтану үдересі мен ықпалды тайпалар орнын сараптау; Алтын Ордадағы тайпа бектерінің қоғамдық-саяси қызметтерін талдау; Алтын Орда тарихындағы саяси дағдарыстар кезіндегі тайпа бектері рөлінің артуын Құтлық-Темір, Мамайдың қызметі негізінде талдау жасау; Алтын Орда тарихындағы «Қарадан шығып хан болған» немесе Едігенің тарихи қызметін анықтау.
Слайд 8: Тақырыптың зерттелу деңгейі
Алтын Ордадағы тайпа бектері мен билерінің рөлі мен қызметі тарихта аз зерттелген мәселелердің бірі. Бұл тақырып негізінен ХХ ғасырдың 20 жылдары зерттеліне бастады. Осы тақырыптың зерттелуіне жол ашқан Н.И. Веселовскийдің [1]еңбегі болды. Онда жалпылама емес, сол замандағы атақты беклербек Ноғайға арналған. Оның шығу тегі, саяси аренаға шыға бастауы, Алтын Орданың ішкі және сыртқы саясатындағы орны, Тоқтамен байланысы және омен соғысы жазылған. В.Г. Тизенгаузеннің екі томдық [2], [3] еңбегі Алтын Ордадағы тайпа бектерінің атын, олардың қызметін, сол замандағы араб-парсы деректерін аударып ғылымға енгізген болатын.
Слайд 9
М.С. Ноғайбаева өзінің [14] мақаласында Алтын Орда тарихындағы ру-тайпа бектерінің қызметі, орны мен рөлі қарастырды. Мақалада зерттеу еңбектерін талдау мен жазба және ауыз әдебиеті мәліметтері негізінде Алтын Орда тарихында Тоқтамыстың ең жақын серігі, нөкері ретінде аталатын бектердің бірі Исабек маңғыт, арғын Қарақожа, Өзбек ханның тұсында ұлық қараша би болған найман Құтлық Бұқа, минг Алатай, қыйат Исатай және тағы басқа ру-тайпа бектерінің қызметі мен рөлі талданған. Алтын Орданың саяси өмірінде жергілікті ру-тайпа өкілдерінен шыққан ру-тайпа әмірлері, тайпа бектерінің ықпалы біртіндеп күшейіп, олар белгілі бір кезеңдерде саяси өмірде шешуші рөл атқара бастағанын көреміз. Сондықтан тайпа бектерінің қызметін зерттеу Алтын Орданың этникалық тарихы мен қоғамды-саяси құрылым, ішкі, сыртқы саясаты туралы бірқатар мәселелерді жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Слайд 10: Тақырыптың деректік негізі
Алтын Орда тарихындағы тайпа бектерінің рөлі мен қызметіне байланысты деректік негіздерге сол замандағы жазбаша деректер мен ауызша тарих айту дәстүрінен тұрады. Диплом жұмысында пайдаланылған деректік базаны жүйелеп, бірнеше топқа бөліп қарастырдық. Бірінші топтың, яғни деректердің негізгі басым бөлігін шығыстық деректер мен орыс жылнамалары құрағанын атап өткеніміз абзал. Зерттеу барысында, сол замандағы шығыстық деректерге парсыдан шыққан атақты тарихшылардың бірі Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағы», араб тарихшыларының жазба деректері, Алтын Орда трихына қатысты орыс жылнамаларын атап өтуге болады. Көптеген материалдарды осы еңбектерден жинадық.
Слайд 11
Деректердің екінші тобына ауызша тарих айту дәстүрі жатады. Оның нақты көрінісі ретінде сол замандағы Шыңғыс хан, Жошы туралы аңыз-әпсәналар, Едіге, Тоқтамыс хан, Қырымның қырық батыры туралы жырлар мен әңгімелер, олардың замандастары болған тұлғалардың, батырлардың мен билердің өмірлері арқылы материалдар жинадық.