Первый слайд презентации
ГИЛЬМАНОВ ӘДІЛЕТ СТОМ 101 Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); ( textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа ; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше ) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы : жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан ( эпителиоциттерден ) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ ( базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык ( апикальды және базальды полюстер ) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы : бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер : экзокринді және эндокринді болып бөлінеді.
Слайд 2: Құрлысы
Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықта, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады. Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары алты топқа бөлінеді : Жалпақ эпителий ( көп қабатты ) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды ; Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады ; Бағана тәрізді эпителидің жасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан ; Кірпікшелі эпмтелий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады. Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителилер шаң - тозаң бөлшектерін және тағы басқа бөгде заттарды ұстап қалады ; Сезгіш эпителий тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан ; Безді эпителий жасушалары сүт, тері, жас, сілекей, құлық бөледі.
Слайд 3: Қызметы
Эпителиалды тіндер организмде көптеген маңызды функцияларды орындайды. Олар ағзаның ішкі ортасын қорғайды, заттардың трансцеллюляр тасымалын қамтамасыз етеді, шырышты, гормондарды, ферменттерді және басқа да заттарды секретеді, ағзаның саңылауынан ( ішекте немесе бүйрек каналдарында ) заттардың сіңуін жүзеге асырады. Эпителий жасушалары арасындағы контактілердің селективті өткізгіштігінің арқасында әртүрлі органдар арасындағы заттардың тасымалдануын бақылайды. Эпителийдің кейбір туындылары, мысалы, дәм шамдары, торлы торлар және құлақтың арнайы шаш жасушалары сенсорлық функцияны жүзеге асырады.
Последний слайд презентации: ГИЛЬМАНОВ ӘДІЛЕТ СТОМ 101 Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); ( textus: Безді эпетели
Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады. Эпителий ағза бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық жасушалардың қызметі - ағза тіршілігіне қажет заттарды жасушаларда тұзіп, олардан бөліп шығару. Бездер ағзада секрет бөлу қызетіы атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет тұзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік жасушалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және калканша серік бездері, бүйрек үсті бездер, қы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бэрі ағзаның эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың куыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.