Первый слайд презентации: КІРІСПЕ
Хирургия ( Chirurgia, Cheir- қол, Ergon- жұмыс)дегеніміз гректің сөзі, қазақша “қол жұмысы” деген мағынада. Бірақта, бұл мағына хирургиялық жұмысты толық қамтымайды. Хирургия мамандығы медицина ғылымының ішінде ең бір үлкен ғылымның бірі. Оған себеп болатын жағдайлар: бұл мамандық көне уақыттан бері келе жатқан мамандықтың бірі.
Слайд 2
1706-жылы Петр-1-нің жарлығымен Мәскеуде бірінші әскери аурухана ашылды, ол кейіннен Ресейде медицина мектебі немесе медицина хирургиялық академия және Мәскеуде дәрігерлік факультеті бар университет ашылды. Осы уақыт ішінде көптеген ғылымдар-хирургтар шығып, өздерінің еңбектерімен хирургияны дамытты. Олардың ішінде ең атақты, өзінің ғылыми еңбектерімен көзге түсіп, алда болған Н.И. Пирогов. Сондықтан хирургияның Ресейде дамып, өсіп-өрбуін Пироговқа орыс хирургиясының әкесі деп ат берілген.
Слайд 3
Пироговтың хирургияда ашқан жаңалықтары өте көп. Оның ішінде 1852 жылы “шап қуысында болатын қызыл қан тамырының кеңеюінің” (аневризма) емдеу үшін “Іш қуысындағы қолқа тамырын байлау тәсілі” деген тақырыпта диссертация қорғаған. 1852 ж. 4 томдық топографиялық анатомия кітабын шығарды. Сондықтан Н.И. Пироговты осы топографиялық анатомияның негізін салушы деп атайды. 1847 ж. Кавказ соғысында Н.И. Пирогов ең бірінші рет жауынгерлерге эфир наркозын пайдаланады.
Слайд 4
Осыған байланысты ол ғылымды әскери далалық хирургиясының негізін салушы дейді. Н.И. Пироговтың ұсынысы бойынша соғыс кезінде жарақаттанған жауынгерлерге медициналық жәрдем көрсету үшін мейірімді мейіркеш (сестра милосердия) тобы құрылды. 1877 ж. Н.И. Пирогов көп жылғы ғылыми еңбектерін қорыта келіп “Жалпы далалық әскери хирургиясының басталуы” деген үлкен ғылыми еңбек жазып қалдырды. Антисептикада йод, ляпис, спирт заттарын қолданды, жарақаттанған науқастарға гипс таңбасын салуды ұсынады.
Слайд 5
Ресейде Н.И. Пироговтан кейін хирургия мамандығын дамытқандар ең бірінші болып антисептика әдістерін дұрыс жолға қойғандар П.П. Пелехин, Н.В. Склифосовский, К.К. Рейер тағы басқалар. Н.В.Склифосовский, Пирогов атындағы съезді ашты, қалқан безінің ауруы (зоб) тілден болған қатерлі ісікті, мидан болған жарықта операция жасау жолдарын анықтады.
Слайд 6
А.А. Бобров (1850-1909) эхинококкозда, жарықта операция жолымен емдеу туралы жаңалық ашты. А.А. Бобровтың оқушысы С.П. Федоров (1869-1936) үлкен атақты ғалым болып қуыққа, зәр жүретін түтіктерге, өт қалтасына қалай операция жасау керектігін дәлелдеді. С.И. Спасокукоцкий (1870-1943) өкпе және кеуде қуысының сірі қабығының қабынуы туралы ғылыми еңбектер жазды. Адамға қан құю тәсілдерін және операцияға қатынасатын хирург пен операциялық мейіркештің қолдарын қалай тазалап жуу керектігін айтып, Спасокукоцкий - Кочергин тәсілін жазып қалдырды.
Слайд 7
Н.Н. Бурденко (1878-1946) ССРО-ның медицина академиясының ең бірінші президенті, далалық әскери хирургиясынан көп еңбектері бар, естен тану (шок), жараны емдеу, өкпенің ауруларын хирургиялық жолмен емдеу, жұлынға, миға қалай операция жасау керектігін дәлелдеген үлкен ғалым. Сондықтан Н.Н. Бурденко атында Мәскеуде нейрохирургиялық ғылыми зерттеу институты бар. Ұлы Отан соғысы кезінде Н.Н. Бурденко бас хирург болып жұмыс істеді. Жарақаттанған жауынгерлердің 73 процентін жазып қайтадан соғысқа жіберіп отырды.
Слайд 8
А.В. Вишневский (1874-1948) ғылыми еңбектері жергілікті жансыздандыру, новокаин тосқауылы, май бальзам таңғышы, тағы басқалар. Мәскеуде осы ғалымның атында ғылыми зерттеу хирургиялық институты бар. Ол институтты көп жылдар бойы оның баласы академик А.А. Вишневский директор болып басқарды.
Слайд 9
А.Н. Бакулев (1890-1967) жүрек-тамырдан болған ауруларға операция жасау жолымен шұғылданды. Сондықтан да Мәскеуде ғылыми зерттеу жүрек –қан тамырлары хирургия институты осы ғалымның атымен аталады.Жүрек тамыр, өкпеден болатын ауруларды және басқада хирургиялық ауруларды операция жолымен емдеуде үлкен еңбек сіңірген ғалымдар тобына Ю.Ю. Джанелидзе, П.Л. Куприянов, Б.В. Петровский, Е.Н. Мелашкин, В.И. Бураковский, В.С. Савельев, М.И. Кузин тағы басқалар жатады.
Слайд 10
С.С. Юдин (1891-1954) өңеш, асқазан, ұлтабар хирургиясын дамытқан ғалым, сондықтан бұл ғалымға асқазан хирургиясының шебері деген ат берілген. С.С. Юдин артына көптеген ғылыми жұмыстар қалдырған: “Өңеш ауруларының қалпына келтіру хирургиясы”, “Асқазан хирургиясының этюды”, “Хирургтың ойлануы, толғануы”, тағы басқа ғылыми еңбектер.
Слайд 11: Қазақ республикасының хирургиясы
Қазақ республикасының дамуы жоғарыдағы аты аталған хирургтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты. Совет үкіметінің құрамында Қазақстан 74 жыл бойы жақсылықты да, жаманшылықты да бірге көріп, қиын-қыстау жағдайларда ат салысып, медицина ғылымын дамытып, оның ішінде хирургия ғылымын бірге алға апарды.
Слайд 12
1931 жылы Алматыда ең бірінші рет медицина институты ашылады. 1934 жылы осы институтқа жалпы хирургия кафедрасының тұңғыш меңгерушісі болып профессор А.Н. Сызғанов тағайындалды. Ол ғалым келе сала-ақ, қан құю станциясын, ісік ауруларының диспансерін ашты, қалқан безінің ауруларының алдын алу үшін ас тұзына йод дәрісін қосуды ұсынды, іріңді жараларды салицил қышқылымен, гипосульфит натрий дәрілерімен емдеу түрін дәлелдеді.
Слайд 13
Республикалық эксперименттік және клиникалық хирургия ғылыми-зерттеу институтын ашып, осы институттың көп жылдар бойы директоры болып, 200-ден астам ғылыми еңбек шығарды. А.Н. Сызғановтың басшылығымен 18 хирург медицина ғылымдарының докторы, 80 хирург медицина ғылымының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды. А.Н. Сызғанов Қазақстанның ғылыми академиясына құрметті академик болып сайланды.
Слайд 14
Ғалым қайтыс болғаннан кейін, өзі қолымен құрып, ұйымдастырған хирургия институты қазір осы ғалымның есімімен аталады. Қазақстанның хирургия ғылымын дамытып, алға апаруда ат салысқанг профессорлар: И.С. Бакал, В.И. Зикеев, А.Б. Раиз, А.С. Идрисов, М.И. Брякин, Т.П. Денягина, А.А. Сулейменов және тағы басқалар, доценттер: М.Т. Маткаримов, К.И. Ибраев, Н.С. Сулейменов, тағы басқалар.
Слайд 15
Академик М.А. Алиев, А.Н. Сызғанов атындағы эксперименталды және клиникалық ғылыми-зерттеу хирургия иснститутының директоры, академик К.С. Ормантаев, профессорлар: Ш,Н, Абдуллаев, М.К. Құланбаев, Э.А. Апсатаров, Т.Ж. Сұлтанбаев, А.Н. Нұрмақов, К.Д. Дурманов және тағы басқалар Алматы медицина университетінің хирургия кафедрасы меңгерушілері болып жұмыс істеп жүр.
Слайд 16
Осы аты аталған профессорлар Қазақстан Республикасының хирургия ғылымын дамытуда көп жылдар бойы еңбек етіп, көп ғылыми мамандар дайындап Қазақстанның ғылыми хирургия мамандығын жоғарғы сатыға көтерді. Қазақстан Республикасында хирургиялық жұмысты ұйымдастыру:
Слайд 17
1) ауруханадағы хирургиялық бөлімдердің жұмысы; 2) хирургия маманын дайындау; 3) Жедел хирургиялық науқастарға медициналық көмек көрсету; 4) арнайы мамандырылған хирургиялық көмек; 5) қан және қан алмастыру заттарын құю жұмысы; 6) хирургияда ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары.
Слайд 18: ФАКУЛЬТЕТІК ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Семей мемлекеттік медициналық институт 1953 жылы қалыптасқан. 2003 жылдын қыркүйек айында біздің медициналық академия өзінің 50 жылдық мерей тойын атап өтті.
Слайд 19
1956 жылдын қыркүйегінде факультеттік хирургия кафедрасы қалыптасты. Бірінші кафедра меңгерушісі және қалыптастырушы профессор Александр Яковлевич Ясногородский болды. Кафедраның емдеу базасы «Физ. институттың» хирургиялық бөлімі болды. Кафедра құрамында келесі ассистенттер жұмыс істейді: Е.А. Абдрахманов, П.Д. Дурнобрагова, М.П. Ездакова және М.Д. Арсланов. 1957 жылдың тамыз айынан 1963 жылдын қазаң аралығында доцент М.А. Лихтентул кафедра меңгерушісі болды.
Слайд 20
1964 жылдың ақпанынан 1975 жылдың қазан айлары аралығында кафедра меңгерушісі болды болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Николай Александрович Телков болды. Бірінші клиникалық аурухана емдеу базасы болды. Хирургиялық науқастарға 90 төсек орын бөлінді. Кафедра доценттері болып Ю.С. Тащиев және Е.А. Абдрахманов, ассистенттері – А.А. Пестеров, С.Ш. Шарипов, Т.К. Калиакпаров, П.И. Какенова, С.Ф. Головнев істеді.
Слайд 21
Кафедра мүшелерімен құрсақ қуысы органдарына қан тамырларына және онкологиялық операциялар жасалынды. Профессор Н.А. Телковтың бастауымен кафедрада асқазан 12-елі ішек ауруларын емдеу проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылды. Асқазан-ішек жолындағы операциялардын қолданылатын жеке өзіндік конструкциядағы оригинальды аппарат және ішек пен бауыр тігісі ұсынылды. Н.А. Телковтың ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды (П.И. Какенова, С.Ф. Головнев).
Слайд 22
1975 жылдың қазаң айынан 1976 жылдың тамыз айына дейін кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы В.Ф. Диденко жұмыс істеді. Кафедра доценттері: П.И. Какенова, Д.В. Усов; ассистенттері: Г.П. Зинченко, С.Ф. Головнев, Т.К. Калиакпаров, М.М. Гладинец, В.И. Мидленко жұмыс істеді. 1976 жылдың тамызынан 1993 жылдың қарашасына дейін кафедра меңгерушісі Тоқтар Анафьевич Қазкенов болды. Біруақыттылы Т.А. Қазкенов клиникалық жұмыс бойынша институт проректоры болды.
Слайд 23
Кафедрада праткикалық хирург-дәрігерлері 2 жылдық стажировкадан өтті (клиникалық ординатура) – А.М. Сейсенбаева, Н.А. Макуха, И.А. Атмачиди, Ж.А. Садырбалин. Кафедра штаты 2 доценттен – П.И. Какенова, Д.В. Усов және 7 асисстенттен – Т.К. Калиакпаров, М.М. Гладинец, В.И. Мидленко, К.М. Маусымбаев, Ш.Ш. Нурашев, Ж.Ш. Жұмаділов, Д.Р. Мусинов, 1985 жылдың наурызынан бастап факультеттік хирургия кафедрасы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің базасында орналасқан.
Слайд 24
Кафедра қызметкерлерімен 2 кандидатттық және 2 докторлық диссертациялар (Ж.Ш. Жұмаділов, В.И. Мидленко) қорғалды.
Слайд 25
Кафедрада праткикалық хирург-дәрігерлері 2 жылдық стажировкадан өтті (клиникалық ординатура) – А.М. Сейсенбаева, Н.А. Макуха, И.А. Атмачиди, Ж.А. Садырбалин. Кафедра қызмектерлерінен 6 кафедра меңгерушісі (профессор М.Д. Арсланов, доцент Е.А. Абдрахманов, доцент С.Ш. Шарипов, профессор Д.В. Усов, профессор Ж.Ш. Жұмаділов, профессор В.И. Мидленко), аурухананың бас дәрігері (И.А. Атмачиди), медициналық игнституттың ректоры (профессор Д.В. Усов), институт проректоры (доцент С.Ш. Шарипов, профессор Ж.Ш. Жұмаділов).
Слайд 26
1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін факультеттік хирургия кафедра меңгерушісі ҚР еңбегі сіңген қайраткері, м.ғ.д. профессор Ж.Ш. Жұмаділов. Ж.Ш. Жұмаділовтың жетекшілігімен 3 медицина ғылымдарының докторы және 12 медицина ғылымдарының кандидаты дайындалды.Алғаш рет кафедрада күндізгі докторантура, аспирантура және ақылы клиникалық ординатура ашылды.
Слайд 27
Бірінші рет кафедраның ғылыми зерттеулері халықаралық деңгейі шықты. Кафедра АҚШ, Жапония, Европа және Ресей ғалымдарымен қызметтеседі. Кафедра хируругиялық инфекция проблемаларымен м.ғ.к. Г.С. Нуртазинова, м.ғ.к. Р.Т. Жакупова, доцент Ғ.Н. Абишева, м.ғ.д. Е.А. Тайгулов, м.ғ.д. Д.Р. Мусинов айналысты.
Слайд 28
Ғылыми жетістіктерді клиникалық практикаға кіргізу результаты бойынша кафедра қызметкерлері Ж.Ш. Жұмаділов, Е.А. Тайгулов, Д.Р. Мусинов 1991 ж. Қаз. ССР ДМ премиясына ие болды. Ғылыми зерттеулер нәтижелері Бүкіләлемдік хируругиялық конгресстерде көп баяндалды. Кафедра қызметкерлері 40-тан астам ғылыми изобретениялардың және 500-ден астам ғылыми басылымдарының авторлары.
Слайд 29
Кафедра меңгерушісі Ж.Ш. Жұмаділов 1992 жылы гепатобиллиарлы хирургия бойынша Бүкіләлемдік хирургтар ассоциясына мүше болды, Нью-Йорктың ғылыми академиясының мүшесі. 2004 жылдан бастап кафедра меңгерушісі профессор Ж.Ш. Жұмаділов «Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасына үлес қосқан үшін» Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болды. 2003 ж. Жапонияда шыққан профессор Ж.Ш. Жұмаділовтың статьясы жылдың оң жақсы басылымы болып есептелді, авторға берілді.
Слайд 30
Қазіргі уақытта факультеттік хирургия курсында жұмыс істейді: ҚР-ң атақты қызметкері, м.ғ.д. профессор Ж.Ш. Жұмаділов, профессор М.М. Гладинец, доцентенттер: м.ғ.к. Г.Г. Васьковский, К.Е. Берікханова, Ассистенттер: А,А, Құсаинов, Қ.Т.Қажыкенов,К.Д. Акимжанов,И.П. Савченко, клиникалық ординаторлар: Д.Қ.Алдынгуров, Ж.Р.Баймағанбет, лаборанттар: Жұмабаева Н.С., Ляпунова М.А.
Слайд 31
Семей медицина институтының факультеттік хирургия кафедрасымен 1993 жылдан бастап медицина ғылымдардың докторы, профессор Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділов меңгереді.2004 жылдан кафедра қызметкерлері: профессор М.М. гладинец, доцент Г.Н. Абишева, ассистент, м.ғ.к. Г.Г. Васьковский, м.ғ.к. К.Е. Берікханова, ассистент А.А. Құсаинов, ассистент Тачпизбаев, ассистент К.Д. Акимжанов, аспирант Деборши Баттачарджи.
Слайд 32
Клиникалық ординаторларД.Қ.Алдынгуров,Ж.Р.Баймағанбет. Факультеттік хирургия кафедрасында емдеу, бала емдеу, стоматологиялық факультетінің ІІІ-ІҮ курс студенттері, шетел бөлімінің студенттері, интерн-дәрігерлер оқытылады. Оларға іш қуысы, кеуде қуысы, тамыр жүйесінің және іріңді аурулар негізінде керекті білім деңгейі және тәжірибелік дағдылар беріледі. Кафедра қызметкерлерімен үлкен емдеу, оқу-методикалық және ғылыми жұмыстар атқарылады.
Слайд 33
Хирургия практикасына ағзасақтаушы операциялар және емдеудің азинвазиялы әдістері енді студенттерге арналған методикалық нұсқаулар және кеңестер шығарылады. 1993 жылдан бастап кафедрада академияның қазақ бөлімінің студенттері. 1998 жылдан – ағылшын тіліндегі шетел бөлімінің студенттері оқытылады. Кафедра хирургиясы ағылшын тілінде оқытылған методикалық орталық болып табылады.
Слайд 34
Ағылшын тілінде жалпы хирургия, факультеттік хирургияның урологиясы оқытылады. Кафедра қызметкерлерімен Семей регионының халқына емдеу-кенестік жәрдем беріледі. Іш қуысының органдарының (АІЖ, бауыр және өт шығару жолдары), жұмсақ тіңдердің іріңді ауруларын, қалқанша безінің қатерсіз түйінді түзілістерін емдеу үшін қазіргі кездегі емдік жаңалықтар енгізілді.
Слайд 35
Ғылыми проекттарды жүзеге асыру үшін кафедра лаборатория бар. Онда иммунология, фармакокинетика, цитология қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеулері жүргізіледі. Кафедра бауырдың және өт жолдарының жедел іріңді –қабынулық ауруларын емдеуде жаңа және эффективті емдеу әдісі табылған. Оның негізгі дәрілік препарттарын аутологиялық эритроциарлық көленкесінде нұсқаулы транспорты болды (профессор Ж.Ш. Жұмаділов).
Слайд 36
Ол емдеуді жақсартады және өлім көрсеткішін азайтады. Кафедра қызметкерлерімен қалқанша безінің қатерсіз түйінді түзілістерді емдеуде жаңа әдістерді іздеуде. Ғылыми ізденістің нәтижесінде докторлық диссертация (Д.Р. Мусинов 1999 ж.) және кандидаттық диссертациялар (Г.Г. Васьковский, 2000 ж., Т.Х. Жигитаев 2003 ж.) құрастырылды. Асқазан және онекіеліішектің жара ауруының қан ағумен асқынуын емдеуінің жаңа әдістері іздестіріліп жатыр (профессор М.М. Гладинец).
Слайд 37
Профессор Ж.Ш. Жұмаділовтың жетекшілігімен іріңді хирургиялық инфекцияның проблемалары жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды (Г.С. Нуртазинова, Г.Н. Абишева), қазіргі уақытта бұл жолда асситстент К.Е. Берікханова және асситсент К.Д. Акимжанов жұмыс атқаруда. Факультеттік хирургия кафедрасы алыстағы шетелдермен жұмыс істейді: Нагасаки мен Хиросима – қалаларындағы университеттің медицина факультеттерімен, Антверпен қаласы (Бельгия), Хьюстон қаласының медицина орталығымен (АҚШ, Техас штаты).
Слайд 38
Кафедра меңгерушісі Ж.Ш. Жұмаділов АҚШ, Жапония, Европаның университеттік клиникаларында жұмыс істеді. 1998 кафедрамен Семей ядерлық полигоны регионына жататын халықтарды зертеу үшін халықаралық грант ұтып алынды.
Слайд 39
Кафедра қызметкерлері Жапония ғылымдарымен бірге Семей регионында тұратын халықтарға зерттеу жүргізілді. Қазір кафедрада 2 докторлық және 3 кандидаттық диссертациялар орындалып жатыр. 2004 жылдың ақпан айында кафедра қызметкерлері қалқанша безінің ауруларын скринингтеу және ерте диагностикасы және емдеудін ҚР денсаулық сақтау министерствасының грантын ұтып алды.
Слайд 40: Хирургиялық бөлімшелер
Ауылдық жерде аяқ астынан ауыра қалған адам ФАП-қа (фельдшер-акушер пункті) барады. Онда бірінші жедел медицналық көмек көрсетіледі.
Слайд 41
Участкелік аурухана дәрігерлері жедел және кідірсіз ем қолданып, керек болса хирургиялық жолмен де емдейді. Учаскелік аурухана дәрігерлерді ФАП қызметкерлеріне басшылық жасайды, ақыл- кеңес береді. Аудандық ауруханадағы хирургиялық бөлімшеде істейтің хирургтар жарақаттанған немесе кенеттен ауырып қалғакн адамдарға дер кезінде медициналық көмек көрсетеді. Кенеттен, жедел болатын аурулар: жедел аппендицит, өт қалтасының қабынуы (жедел холецистит), ұйқы безінің қабынуы (жедел панкреатит) ішектің қысылып түйіліп қалуы (жедел ішек өтімсіздігі), асқазанның және 12-елі ішектің ойығының тесіліп кетуі.
Слайд 42
Міне осы бес түрлі жедел болатын хирургиялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып операциялық жолмен ем жүргізілуі қажет. Қалалық, облыстық, республикалық ірі ауруханаларда аудандық ауруханлардан айырмашылығы қосымша арнайы мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету белгіленген (урология, онкология, травматология және ортопедия, балалар хирургиясы, бет-жақ хирургиясы, нейрохирургия және тағы басқалар) болады.
Слайд 43: Ақпараттық – дидактикалық блок
1. Денсаулық пункты бұл- поликлиникалық немесе медико санитарлық бөлімінің филиалы ретінде өндіріс орындарында, оқу орындарында, мекемелерде, құрылыс жасау жерлерінде, жатақханаларда, шағын ауылдарда ұйымдастырылатын емдеу профилактикалық денсаулық сақтау пункты. Қызмет көрсету континентінің санына байланысты денсаулық пунктары Дәрігерлік” (дәрігер басқарады) және “Фелдшерлік” (фелдшер басқарады) болып бөлінеді.
Слайд 44
Денсаулық сақтау пункты мынандай жағдайларда көмек көрсетеді жарақаттар, аяқ-астынан болған ауруларда, улануларда санитарлық, гигиеналық және емдік профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Жарақаттануының алдын алу, аурулардың профилактикасын және еңбекке қабілеттілігін жақсарту үшін жасалатын шаралар. Денсаулық пунктінде қажет емдеу процедуралары, таңғыштау, инъекциялар, кезекті профилактикалық егулер жасалынады.
Слайд 45
Медициналық қызметкерлер барлық жұмыскерлерге жарақаттар кезінде өзіне және бір-біріне көмек көрсету әдістерін үйретеді және санитарлы ағартшылық жұмыстары жүргзіледі. 2. Медициналық пункт бұл-емдік профилактикалық жұмыстарды жүргізуге арналған мекеме. Ол әскери бөлімдерде, студент құрылыс отрядтарында, оқушылар лагерлерінде, метрополитен станцияларында, вокзалдар мен аэропорттарда болады.
Слайд 46
Әскер қатарында медпункт медициналық эвакуацияның 1 этапы болып саналады. Дивизиондық, батальиондық, полктық кей жағдайларда (емхана және ауруханадан алыс болғанда) шағын адам топтарына көмек көрсету үшін фелдшерлік және дәрігерлік топтар құрылады. 3. Фелдшерлік – акушерлік пункт бұл – (ФАП) ауыл аймақтардағы денсаулық сақтаудың біріншілік (дәрігерге дейінгі) мекемесі болып саналады. Фелдшерлерді дайындау медлициналық колледждерде, ал 2004-2005 оқу жылынан бастап СММА-да жүргізіледі.
Слайд 47
Акушерка – медколледжді 3 жыл оқып бітірген, жүктілік және босану кезінде көмек көрсететін орта білімді қызметкер. Акушерканың міндетінде жүктілік және босанған аналарға патронаж жасауға міндетті. 4. Жарақат пункты Қазақстан Республикасында жарақат алған науқастарға емхананың медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімі болып табылады. Оның міндеттері:
Слайд 48
1 ) Біріншілік квалифицирленген травматологиялық көмек көрсету. 2) Госпитализацияны қажет ететін науқастарға травматологиялық және ортопедиялық емді толық жүргізу. 3) Ортопедиялық науқастарға –негізінен буын және омыртқа аралары бар науқастарға диспансерлік бақылау жасау. 4) Қалалық және аудандық емдік мекемелер дәрігерлеріне травматология және ортопедия сұрақтары бойынша консультативті көмек көрсету.
Слайд 49
5) Травматизм профилактикасына арналған іс-шаралар. Травматология пункты бөлімінде дәрігер кабинеті, таңғыштау бөлмесі, операция жасау бөлмесі, гипс салу бөлмесі және рентген кабинеті болу керек. Бұның жұмысын травматологиялық және хирургиялық бөлімшелер меңгерушілері, емхананың бас дәрігері басқарады. 100000 адамы бар қалаларды тәулік бойы жұмыс атқаратын бір травматологиялық пункт ұйымдастырылады.
Слайд 50
Травматологиялық пунктарға науқастар жедел жәрдем көмегімен, емхана бағыттармен немесе өздігімен келеді. 5) Медико-санитарлық бөлім өндіріс орындарында, қызметкерлер мен жұмыскерлерге қызмет көрсетуге арналған емдік профилактикалық мекемелер жиынтығы. МСБ күші және ондағы мекемелер саны жұмыс атқаратын өндірістің спецификасы мен ондағы жұмыс атқаратын қызметкерлермен қызметкерлердің санына байланысты болады.
Слайд 51
МСБ-ді денсаулық сақтау органы ұйымдастырады және қажетті қаржымен қамтамасыз етеді ал, құрал-жабдықтармен жұмыс атқаратын орындарды өндіріс орындары қамтамасыз етуі керек. МСБ көрсететін негізгі емдік көмек түрлері: Жедел жәрдем Амбулаториялық Үйде көмек көрсету Стационарлық Стационарлы-курортты
Слайд 52
Медициналық көмек көрсету тек медициналық қызметкерлер көмегімен жүзеге асады. Медициналық білімі жоқ адамдардың дәрігерлікпен айналасуы заңмен қудаланады. Бірінші медициналық көмекті арнайы медициналық білімі жоқ адамдарда көрсете алады. Бірақ олар өзіндік және өзара көмек курстарын өтуі керек (қызыл крест, қызыл ай). Бұндай дайындығы бар адамдардан өндіріс орындарында, мектептерде санитарлық посттар ұйымдастырылады.
Слайд 53
Жедел және қауырт медициналық көмек. Қажет жағдайда барлық емдік профилактикалық мекемелерде көрсетіледі. Бөлімдегі емдік жұмысты атқаратын медицина қызметкерлері пациентке көмек көрсетуге міндетті. Амбулаториялық медициналық көмек. Поликлиникаларда, амбулаторияларда, диспансерлерде, әйелдер және балалар консультацияларында, ауылдық аймақтың амбулаторияларында, ФАП, өндіріс орындарында, МСБ-де көрсетіледі.
Слайд 54
Стационарлық медициналық көмекті көрсетеді емханаларда, диспансерлерде, Медициналық Академия Клиникаларында, ҒЗИ, перзентханаларда стационарлық көмек медициналық көмектің неғұрлым квалифицирленген түрі болып табылады. Бұл көмек түрін науқастарға амбулаторлық көмектің әсері аз болған жағдайда көрсетеді.
Слайд 55
Медициналық көмек түрлері. 1) Алғашқы медициналық көмек. Оның мақсаты науқастың, жараланған адамның өмірін сақтау. Ол қарапайым шаралардан тұрады. Әскери қызметкерден (химиялық заттарға қарсы пакет антидоттары бар шприц тюбиктары). Алғашқы көмек іс-шаралары. 1) Жараға асептикалық таңғыш салу. 2) Жгут салу арқылы қан кетуді тоқтату
Слайд 56
Сан, балтыр және т.б. сынықтар кезіндегі иммобилизация, жасанды тыныс алуды жасау, аймақтық зақымдау кезінде противогаз кигізу, санитарлық тазалау. Алғашқы медициналық көмек зақымдалу болған жерде зақым алған адам өзі немесе жолдасы, санитарлар, сан инструкторлар, фелдшерлер кейде дәрігерлер көрсетеді. Дәрігерге дейінгі көмек. Алғашқы медициналық көмектің жалғасы болып табылады.
Слайд 57
Өмірге қауіпті бұзылыстарды шектеуге бағытталады (қан кету, асфиксиялар), травматологиялық шоктың алдын алу және онымен күрес. Дәрігерге дейінгі көмекті фельшерде көрсетеді. Дәрігерге дейінгі көмекке жататыны таңғыштарды дұрыстап қадағалау, біріншілік таңғыштарды салу, транспорттық иммобилизация, жгуттың дұрыс салынуын қадағалау, асқазанды шаю, жасанды тыныс алуды жасату, антидоттарды енгізу.
Слайд 58
Алғашқы дәрігерлік көмек. Міндеттері шоктың алдын алу, аурулар мен зақымданулардан кейінгі пайда болған өмірге қауіпті жағдайларды шектеу, жарада инфекция дамуының алдын алу, науқастар эвакуациясы. Квалифицирленген медициналық көмек-дәрігерлер көрсетеді (хирург, терапевт, травматолог т.б.). Оның мақсаты зақымданудан кейде пайда болған өмірге қауіп туғызатын жағдайлармен күресу (шок, асфиксия, қан кету).
Слайд 59
А) Бірінші топқа жататын іс шаралар- қуысты және паренхиматозды мүшелердің зақымдануларын жоюға бағытталған операциялар, бас сүйек трепанациясы, өкпе жарақатында көп мөлшерде қан кеткенде торакотомия, көз алмасы толығымен бұзылысы кезінде көз энуклеациясы және т.б. Б) Екінші топ – осы медициналық эвакуацияның этаптары науқас өміріне қауып төндірмейтін, бірақ ауыр асқынуларға әкеп соғатын жағдайларда хирургиялық араласулар және бұл асқынулардың алдын алуға басқа іс-шаралар көмектеспейтін жағдайларда.
Слайд 60
Бұнда жүргізілу қажет шаралар үлкен қан кетулерді толығымен тоқтату, әлі тоқтамаған өкпедегі қан кетулер кезінде торакотомия және өкпе жарақатының ревизиясы лобэктомияға дейін. Егер жараның тігісі ешқандай көмек көрсетпесе, тік ішек жарақаты кезінде стома қою. В) Үшінші топ – келесі араласулар кіреді, 2-ші, 3-ші дәрежедегі күйік кезінде тері жабындылары 10 пайызға дейін зақымданған күйіктерде хирургиялық өңдеу.