Мектеп жұмысы жоспарының түрлері — презентация
logo
Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
  • Мектеп жұмысы жоспарының түрлері
1/11

Первый слайд презентации: Мектеп жұмысы жоспарының түрлері

Тобы:ЖБЛ-111 Орындаған:Мұханбетғали А. Қабылдаған:Паштанов С.

Изображение слайда

Слайд 2

Жоспар Жоспарлау Педагогикалық кеңес Әдістемелік кеңес Сынып жетекшінің жоспары

Изображение слайда

Слайд 3

П едагогикалық кеңес барлық мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі.    Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады.    Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Мектеп директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы. Педагогикалық кеңес мәжілісінде : мектептің жылдық оқу жоспары ; оқу-тәрбие жұмысының тоқсан бойынша қорытындылары ; емтиханға және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық ; сыныптан сыныпқа көшу және ондағы жүргізілетін емтихандар ; оқу жылының қорытындылары ; оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Изображение слайда

Слайд 4

Педагогикалық кеңестер ғылыми-теориялық ізденістер мен жаңалықтар, қазіргі кезеңдегі дамып келе жатқан ақпараттық коммуникативтік технологиялар, Республикадағы озат шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың үлгілері, жаңа пән бағдарламалары мен оқулықтары, оқу кешендері, 12 жылдық мерзіміне көшуге байланысты туындайтын проблемалар т.б. қарауға тиіс.   Мектеп жұмысына байланысты тығыз түрде шешуді қажет ететін мәселелер директор жанындағы мәжілістерінде қаралуға тиімді.Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелерді алдын -ала жоспарлау.Педагогикалық кеңес жұмысын алдын -ала жоспарлау төрт кезеңнен тұратынын көреміз. Оқу жылында педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер ; Педагогикалық кеңесте нақты қаралатын мәселеге дайындық ; Педагогикалық кеңесті өткізу барысы ; Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау барысы.

Изображение слайда

Слайд 5

Мектеп тәжірибесінде, сондай-ақ, жоғары орындардың бұл мәселеге байланысты құжаттарында оқу жылында бес рет кеңес жұмысы өткізіледі. ( Әр тоқсан сайын және оқу жылының аяғында ).  Бесінші педагогикалық кеңесте сыныптан сыныпқа көшу, 9-сынып және 11-сыныптың сынақ емтихандарына босату қаралады.   Бірінші педагогикалық кеңес оқу жылының басында ( тамыз айының аяғында ) өткізіледі. Онда өткен жылдың оқу-тәрбие процесінің қорытындылары бойынша нақтылы талдау жасалынады, оқу жылында қол жеткен табыстармен қатар, орын алған олқылықтар айқындалып алдағы оқу жылында оларды болдырмау шаралары белгіленеді. Осы кеңесте жаңа оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жоспары бекітіледі. Ол кеңесте бұл мәселелер жөнінде негізгі баяндама жасап, түсінік беруші мектеп директоры болуға тиіс.  Келесі педагогикалық кеңестерде оқу-тәрбие процестерінде ғылыми-теориялық бағыт беретін, білім беру ісін дамыта түсуге ықпал жасайтын жаңа педагогикалық технологиялар жайында және жоғары директивалық органдардың нұсқауларын басшылыққа алатын күрделі мәселелер қаралады.  Бірінші кеңесте өткен оқу жылының оқу-тәрбие процесінің қорытындыларын талдаумен қатар, екінші мәселе ретінде « Мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалған жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалары және әдістемелік кешендерді меңгеру барысында педагогикалық ұжым мүшелерінің міндеттері » деген тақырып қаралса, ал қараша айында өткізілетін кеңесте « жаңа педагогикалық технологиялар және ақпараттық коммуникативтік техникаларды оқу процестерінде қолданудың әдістемелік проблемалары », Мектеп ұжымының адамгершілік, Қазақстандық патриотизм тәрбиесін берудегі міндеттері сияқты тақырыптар талқыланады.

Изображение слайда

Слайд 6

Ал келесі кеңестерде 1. « Халық педагогикасы, оның озық үлгілерін оқу-тәрбие процесінде ұтымды пайдалана білудің әдістемелік жолдары », 2. « Қазақ, орыс және шетел тілдері сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік проблемалары », 3. «Физика, химия және биология пәндерінде компьютерді пайдаланудың әдістемелік аспектілері », 4. « Нарықтық экономика және мектептегі еңбек тәрбиесіне қойылатын басты міндеттер ». 5. « Қоршаған ортаны қорғау, өндірістің жиі шоғырлануына байланысты экологияның оқушылармен жүргізілетін экологиялық тәрбиенің міндеттері », 6. « Оқыту процесінің теориялық негіздері және оны практикада іс жүзіне асырудың мәселелері », 7. « Қазіргі сабақ, оның түрлері, оған қойылатын талаптар, сабақтарды талдау, тәжірибе алмасу », 8. « Спорттың және әскери патриоттық тәрбие беру проблемалары », 9. « Мектеп ұжымы мен ата-аналардың адамгершілік тәрбиесін берудегі біріге атқаратын қызметтері », 10. « Бірыңғай ұлттық тестілеу, оған дайындалу жолдары », 11. « Сыныптан сыныпқа көшу емтихандары », 12. « Өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындылары, оған талдау жасау », 13. « Жазғы оқушылардың демалысын ұйымдастыру » т.б. мәселелер талқыға ұсынылады.  Жоғарыда үлгі ретінде мектепте өткізілетін педагогикалық кеңестерде қаралатын мәселелердің, қазіргі уақытта маңызды деген тақырыптарды атадық. Алайда мектептің ерекшеліктеріне сәйкес басқада мәселелер қаралуы мүмкін. өз әріптестерінің озат тәжірибелерін көпшілікке көрсете білудің маңызы өте зор.  Педагогикалық кеңестің өту кезеңінде, талқыланып жатқан тақырыптың ғылыми-теориялық және практикалық маңызын арттыра түсу мақсатында, ұжым мүшелерінің тың ой- пікірлерін есепке алып, демократиялық ұстанымға сай, нағыз ой елегінен өткізетін орган болуға ұдайы бағытталып отырылуы қажет. Педагогикалық кеңес мәдениетті, оқу-тәрбие ісін жетілдіруге пайдалы, іскерлік жағдайында өтілуі тиіс. Кеңесте уақытты реттейтін регламентті сақтаудың да мәні бар. Мектеп директоры кеңес алдында қалыптасқан уақыт режимін сақтауды ескеріп өткені де артық болмайды. Сондай-ақ, мектеп директоры талқыланатын мәселелерді толық меңгеруі қажет.    Қорыта келсек педагогикалық кеңестің ролін арттыру, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін жетілдіре беруге ықпал жасайтын органға айналуы тиіс.

Изображение слайда

Слайд 7

Жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесіне ұтымды пайдалана отырып, жаңашыл сипатта ( шығармашылықпен ) жұмыс істейтін педагог- мамандардың іс-тәжірибесін зерделеу, қорыту, жинақтау, ұжым мүшелерінің арасына тарату істерінің перспективалық жобаларын жасау. Жаңашыл педагогтар бойынша топтар құру, тәжірибесі аз, жас мұғалімдерді осы жаңашыл педагогтардың істері арқылы оқушыларғы білім беру сапасын арттыра түсуге мүмкіндік жасау.  Мектеп практикасын толықтыру мақсатында педагогика ғылымының жаңалықтарын енгізу. Перспективалық жоспарда көңіл аударатын мәселелердің бірі - әр пән бойынша, сондай-ақ, музыка, сурет, спорт түрлері т.б. ерекше көзге түскен балалармен айрықша жұмыс істеу, қамқорлыққа алу, оларға :  а) ғылыми интеллектуалдық сайыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуге ;  ә) мектеп ішіндегі, аудандық ( қалалық ), облыстық, Республикалық пән олимпиадаларына қатынасуға дайындық істерін жүргізуге ;  б) дарынды оқушылардың ата-аналары мен мектептің біріге атқаратын жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау.    Осы аталған жоспарда жыл сайын өткізіліп отыратын, озат ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттауға бағытталған, аудандық ( қалалық ), облыстық, Республикалық « Жыл мұғалімі » сайыстарына дайындықтан өткізу сияқты іс-шаралары да енгізілуі қажет.  Перспективалық жоспарда қамтылатын мәселелердің бірі - мектеп реформасы бойынша алдағы жылдар ішінде 12 жылдық мерзімге көшу. Бұл үлкен тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Олардың ішіндегі бастылары :   а) қажетті материалдық базасын дайындау ( қосымша сынып бөлмелері, оқу кабинеттері, қосымша оқу-құрал жабдықтары, ақпараттық технологиялардың жаңа түрлері т.б.);  ә) соңғы сыныптарда белгілі мамандық беруге сәйкес оқушылардың талап-тілектерін, қызығушылығын, икемделу процесін т.б. факторларды психологиялық тұрғыдан зерделей отыра оқушыларға алдын -ала кәсіптік бағдар беру;  б) оқушыларға кәсіптік мамандық беруге байланысты алдын -ала ауыл шаруашылығы, шаруа қожалықтары, бірлестіктер, машина-трактор жөндеу заводтары мен шеберханалар, жаңадан құрылып жатқан ауыл шаруашылығын техникамен жабдықтау станциялары т.б. өндіріс орындарымен келісім шарттар жасау, тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасау шаралары ;  в) оқу мерзімінің 12 жылдығына байланысты эксперименттік зерттеу жұмыстарына қатынасу, бүгінгідей тұтас жинақы жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды игеруге сәйкес жұмыстар жүргізу.

Изображение слайда

Слайд 8

Оқу – әдістемелік кеңесінің негізгі мақсаты : білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты өсімін қамтамасыз ету ; озық жүйелерді, технологияларды, оқыту әдістерін және әкімшілік қызметкерлері мен профессор- оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру   арқылы заманауи деңгейдегі білім беру процесін ұйымдастыру. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет : оқу үдерісі сапасының әдістемелік қамтамасыздандыру мониторингін ұйымдастыру ; оқу – әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар мен университет баспасының жарияланған басқа да материалдарды жариялау үшін жоспарлау, сараптама ұйымдастыру және ұсыныс беру; университеттегі білім беру үрдісін жетілдіру және әдістемелік қызмет көрсету ; оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруде және ұйымдастыруда озық жетістіктерді тарату және енгізу ; сапа менеджмент жүйесі мен білім беру үрдісінде оқу-әдістемелік материалдар нәтижелерін енгізу дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау ; қолданыстағы технологияларды, әдістері, университетте оқыту құралдарды жетілдіру және жаңасын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ; профессор– оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру мақсатында жұмыстарды үйлестіру ; білім беру қызметкерлерінің атестаттауына қатысу ;

Изображение слайда

Слайд 9

Жұмыс бағыты Оқу әдістемелік кеңес құрамында келесі Комиссиялар жұмыс істейді : Білім беру бағдарламаларының сапасын тексеру ; Бағалау мен оқыту әдістері қадағалау ; Оқу-әдістемелік шығарымдар ; Білім беруді, ғылымды және бизнесті интеграциялау ; Білім алушылардың контингентін қалыптастыру. Құрамы ОӘК төрағасы қызметін Төраға – оқу – ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады. ОӘК құрамы факультеті кафедраларының, сайланады мүшелері, оқу бөлімшелерінің басшылары, оқу - әдістемелік жұмыстарды атқаратын білім бөлімдерінің бастықтары және жоғары білім берудің педагогикасы мен жоғары білім әдістемесі бар өзге университет қызметкерлері. Тізім тіркелген

Изображение слайда

Слайд 10

ҚОРЫТЫНДЫ Қорытындылай келер болсам, Педагогикалық кеңес барлық мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі.    Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады.    Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Мектеп директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы болады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Мектеп жұмысы жоспарының түрлері

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации