Қазақстанға қандай идеология қажет ? — презентация
logo
Қазақстанға қандай идеология қажет ?
  • Қазақстанға қандай идеология қажет ?
  • Идеология
  • Идеологияның бағыттары
  • Көптеген қоғамдық өзгерістерге алып келген негізгі иделогия түрлері
  • Либералдық идеология
  • Консервативтік идеология
  • Коммунистік идеология
  • Социал - демократиялық
  • Қазақстанның ұлттық идеологиясы
  • Қазақстанның жалпы ұлттық идеологиясы
  • Қазақстандағы мемлекеттік идеология
  • Қазақстанға қандай идеология қажет ?
1/12

Первый слайд презентации: Қазақстанға қандай идеология қажет ?

Орында ған: Қаныбек Айдос

Изображение слайда

Слайд 2: Идеология

Идеология – ілім, қоғамдық сана.Таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы

Изображение слайда

Идеологияның негізгі екі бағыты бар: Оңшылдар Солшылдар

Изображение слайда

Слайд 5: Либералдық идеология

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм, латын тіліннен еркін деген мағына береді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам ж/е мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

Изображение слайда

Слайд 6: Консервативтік идеология

Консервативтік ( латын -ң - қорғаушы ) идеология Ұлы француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге ж/е феодалдық-арестократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Жаңарған консерватизм либералдық ж/е социалистік сипаттағы бірқатар адамгершілік түсініктерді біріктіріп, қабыл алды.

Изображение слайда

Слайд 7: Коммунистік идеология

Коммунистік ( латын - жалпы ) идеялар ХІХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс пен Ф.Энгельс Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, Жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Оладың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын күш – жұмысшы тобы.

Изображение слайда

Слайд 8: Социал - демократиялық

Социал-демократия идеологиясы демократиялық социализм идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттік, ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды экономикалық, саяси, рухани -демократия арқылы ған жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу ролін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыру талап етеді Халықаралық социал - демократтардың белгісі

Изображение слайда

Слайд 9: Қазақстанның ұлттық идеологиясы

Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселесі бұл – тіл. Бауыржан Момышұлының «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры», яғни тіл – біріктіруші, халықтың арасындағы ең негізгі байланыс болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 10: Қазақстанның жалпы ұлттық идеологиясы

Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан жалпы ұлттық саясат жүргізуде. Яғни Қазақстанда тұратын барлық халықтардың бірлігін сақтау сияқты саясаттар жүргізу болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 11: Қазақстандағы мемлекеттік идеология

Біз үнемі « мемлекеттік идеология жоқ, мемлекеттік идеологияны жасау керек » деп айтып келеміз. Ал, шын мәнінде, мемлекеттік идеология дегеніміз — Конституция. Конституцияның әрбір бабының астарында осы мемлекеттің идеологиясы жатыр, бірақ ешбір мемлекет Конституциясын мемлекеттік идеология деп айтпайды. Бірақ ішкі саясат та, сыртқы саясат та, әлеуметтік саясат та, тәжірибе жұмысы да Конституциядан шығады. Сондықтан, Конституция — Ата Заң, Заңның Заңы, мемлекеттің идеологиясы. Мемлекеттік идеология - ұлт субъектісі болып табылатын мемлекеттің идеялық көзқарастарының жүйеленген жиынтығы.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақстанға қандай идеология қажет ?

Түптеп келгенде, жалпыұлт­тық идеология мен ұлттық идео­ло­гия бірдей мәселе. Ұлттық идео­логия дегеніміз - мемлекет­тік идеология. Сондықтан ұлттық идеология барша Қазақстанның идеологиясы болуы керек. Бұл жерде басқа идеологияға орын жоқ. Егер де біздің мемлекетіміз ай­қын, нақты саясат жүргізсе, әрі Ата заңда мемлекеттік тілді әрбір Қазақстан азаматы біліп, игеруге тиіс деген талап қабылданса, он­да ел азаматтарының бәрі де қа­­зақ тілін үйренуге міндетті бола­ды. Ал ел азаматтары қазақ тілін үйренгеннен кейін оның ұлты орыс па, ұйғыр ма, оның мемлекет үшін соншалықты мәні болмайды. Әрбір адам мемлекеттің рухани символы - мемлекеттік тілді бі­ліп, мемлекеттік патриотизмге бө­леніп, мемлекеттік рәміздерді құр­меттеуі керек. Яғни мемлекеттік идеология арқылы қалған екі идеологияны да қамтимыз. Сондықтан мемлекеттік идеологияны қолға алу қажет.

Изображение слайда

Похожие презентации