Первый слайд презентации
Post-COVID синдром: клиникалық көрінісі, диагностикасы және мейіргерлік күтімнің рөлі Қызылорда, 2026 жыл ОРЫНДАҒАН: Ондасбек Айзере ҚБ-130 топ студенті ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: Искакова Ж. С. Арнайы пән оқытушысы
Слайд 2
Тақырыптың өзектілігі 41.79% ОРТАША ТАРАЛУ ЖИІЛІГІ Post-COVID синдромы – COVID-19 инфекциясынан кейін 3 айдан астам сақталатын симптомдар кешені. Зерттеулер бойынша оның таралуы әртүрлі : 6%-дан 40%-ға дейін, кейде одан да жоғары. Бұл оның кең таралған мәселе екенін көрсетеді. Ең жиі белгілері – әлсіздік, тыныс алу бұзылыстары, психологиялық және неврологиялық өзгерістер. Бұл синдром науқастардың өмір сапасын төмендетіп, еңбекке қабілеттілігіне әсер етеді. Кейбір елдерде миллиондаған адамдар осы жағдаймен өмір сүруде. Сондықтан Post-COVID синдромын ерте анықтау, тиімді оңалту және мейіргерлік күтімді жетілдіру – қазіргі медицинаның маңызды бағыттарының бірі.
Слайд 3
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері МАҚСАТЫ Post-COVID синдромының клиникалық көрінісін, диагностикасын және мейіргерлік күтімнің рөлін анықтау мақсатында отандық және шетелдік зерттеулерді талдау. Тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасау. Клиникалық белгілерді сипаттау және диагностика әдістерін талдау. Мейіргерлік күтімнің ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдау. Зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасау.
Слайд 4
Зерттеу нәтижелері: Сауд Арабиясы (2025) 29% ҰЗАҚ COVID-19 ДАМУ ЖИІЛІГІ Ең жиі кездесетін симптомдар (%) Сауд Арабиясындағы зерттеу 2025 жылы Санаа М. Камал және оның әріптестері жүргізген. Бұл зерттеу нәтижесінде постковид синдромы пациенттердің үштен бірінде дамитыны анықталды. Әйел жынысы, қант диабеті, қайта жұқтыру және аурудың ауыр өтуі негізгі қауіп факторлары болып табылады. Сонымен қатар, бұл синдром науқастардың өмір сапасына айтарлықтай төмендетіп, еңбекке қабілеттілігін шектейтіні дәлелденді. Зерттеуді бірнеше медициналық орталықтарда жүргізген.
Слайд 5
Германия (2021) 33.62% Диагноз бойынша таралу жиілігі (%) Сонымен қатар, келесі зерттеуіміздің түрі когорттық зерттеу. COVID-19 дан аман қалған 236 379 пациентте неврологиялық және психиатриялық нәтижелерді зерттеген. Бұл зерттеу Германия қаласында жүргізген. 2021 жылы COVID-19-дан кейінгі 6 ай ішінде неврологиялық және психиатриялық бұзылыстардың жоғары жиілігі анықталады. Бұл асқынулар әсіресе ауыр өткен жағдайларда жиі кездеседі, бірақ жеңіл жағдайларда да байқалады. Сондықтан ұзақ мерзімді бақылау қажет.
Слайд 6
Зерттеу нәтижелері: Беларусь (2021) ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ Науқастардың 75-80%-ында айтарлықтай оң нәтиже байқалды. Тыныс алу функциясы мен физикалық төзімділік деңгейі артты. 75-80% ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШІ Зерттеу авторы: Оленская Т.Л. (Витебск мемлекеттік медициналық университеті) 2021 жылы Беларусь елінде кешенді реабилитация яғни, тыныыс алу жаттығулары, физиотерапия, кинезиотерапия әдістері постковид пациенттерінде тиімді екені анықталды. Бұл тәсіл тыныс алу функциясын, физикалық төзімділікті және психологиялық жағдайды жақсартады. Ерте және жүйелі оңалту маңызды екені дәлелденді.
Слайд 7
Зерттеу нәтижелері: Семей қаласы (2025) Авторлары: Досбаева А. және әріптестері (Семей медициналық университеті) Зерттеу ауқымы: 639 адам қатысты (ретроспективті-проспективті когорттық зерттеу). PCS таралуы: Зерттелгендердің 47%-ында постковид синдромы анықталды. Биомаркерлер: Сілтілі фосфатаза (ALP) деңгейінің жоғарылауы PCS-пен тікелей байланысты. Вакцинация: Вакцина алғандарда PCS жиілігі айтарлықтай төмен (p=0,002). Вакцинацияның қорғаныш әсері дәлелденді Артериялық гипертензия жиілігі (%)
Слайд 8
Зерттеу нәтижелері: Малайзия (2024) — Мета-анализ Авторы: Рухана СК Абд Разак және әріптестері Дереккөздер: PubMed, Scopus, Web of Science (48 зерттеу) Азия құрлығында постковид синдромының таралуы ең жоғары көрсеткішке ие. 41.79% ЖАҺАНДЫҚ ОРТАША ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІ Құрлықтар бойынша таралу жиілігі (%)
Слайд 9
Ұсыныстар ҰЛЫБРИТАНИЯ АҚШ ГЕРМАНИЯ Көптеген дамыған елдерде, атап айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Германия елдерінде ұзақ ковид пациенттері үшін арнайы тіркеу және мониторинг жүйелері құрылған. Бұл жүйелер пациенттердің симптомдары, ем нәтижелері және ұзақ мерзімді асқынулар туралы деректерді жинауға мүмкіндік береді. Қазақстанда да осындай ұлттық регистр құру эпидемиологиялық жағдайды нақты бағалауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге негіз болар еді.
Последний слайд презентации: Post-COVID синдром: клиникалық көрінісі, диагностикасы және мейіргерлік
Қорытынды Post-COVID синдромы — көпжүйелі және ұзаққа созылатын патологиялық жағдай, ол науқастардың өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл синдром әсіресе әйелдер мен созылмалы ауруы бар (қант диабеті, гипертензия) пациенттерде жиі кездеседі. Вакцинация және кешенді реабилитация (физиотерапия, тыныс алу жаттығулары) синдромның алдын алу мен емдеуде шешуші рөл атқарады. Мейіргерлік күтім науқастарды бақылау, оқыту және оңалту процесінің негізгі және ажырамас компоненті болып табылады. Назарларыңызға рақмет!