Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу — презентация
logo
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу денелерінің элементтерін табуға есептер шығарады (цилиндр, конус, қиық конус,
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
  • Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу
1/8

Слайд 2

Ой қозғау: Өтілген материалдар бойынша қайталау сұрақтарына жауап беру. 1. Цилиндр анықтамасы, элементтері. 2. Конус анықтамасы, элементтері. 3. Цилиндр мен конустың беттерінің аудандарының формулалары. . 4. Айналу денелерінің жазбалары.

Изображение слайда

Слайд 3

Цилиндр – тік төртбұрыштың бір қабырғасынан айналдырғанда пайда болатын айналу денесі. Айналған қабырғасы цилиндрдің осі деп аталады. Екінші қабырғасы табанының радиусы. Цилиндрдің биіктігі, жасаушысы, осі өзара бір – біріне тең

Изображение слайда

Слайд 4

Конус – тік бұрышты үшбұрыштың бір катетінен айналдырғанда пайда болатын айналу денесі. Айналған катеті – конустың осі деп аталады (конустың биіктігі ) Екінші катеті табанының радиусы. Конустың төбесі мен табанындағы шеңбердің нүктелерін қосатын кесінділер ( тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы) конустың жасаушысы деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 5

Қиық конус – берілген конусты жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық дене. Табандарының центрлерін қосатын кесінді конустың биіктігі деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 6

Жалпы сыныптық жұмыс : №1. (521.А) Ауызша талдауға болады. Цилиндрдің осьтік қимасы екі қабырғасы - жасаушылары, ал былайғы екі қабырғасы – цилиндр табандарының диаметрлері болатын тік төртбұрыш. Цилиндрдің радиусы 1,5 см; биіктігі 4 см болса, осьтік қиманың диагналін, толық бетінің ауданын табыңыздар. №2. (523.А) Цилиндрдің осьтік қимасы – диагоналі 20 см болатын квадрат. Цилиндрдің биіктігін, табанының ауданын табыңыздар. №3. (539)Бір квадрат метрге 200г бояу жұмсалса, онда табанының диаметрі 1,5 м, биіктігі 3 м цилиндр пішінді бакты бояу үшін қанша бояу керек ? №4.(553) Конустың осьтік қимасының ауданы 6 дм 2, ал табанының ауданы 8 дм 2 болса, конустың биіктігі неге тең? Берілген конустың жазбасының ауданын табыңыздар.

Изображение слайда

Слайд 7

Жұптық жұмыс : №1. (531) Цилиндрдің биіктігі 10 дм. Цилиндрдің осіне параллель және оның осінен 9 дм қашықтықта орналасқан қиманың ауданы 240 дм 2. Цилиндрдің радиусын есептеп табыңдар. №2.(561) Конустың бүйір беті жазбасының радиусы 9 см, ал доғасы 120 0 болатын сектор. Конустың табанының ауданын және биіктігін есептеңдер.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Сабақтың тақырыбы: Цилиндр және оның элементтері Оқу мақсаты: 11.3.5 – айналу

Тест тапсырмаларын орындау: Цилиндір табанының диаметрі 4 см, ал биіктігі 3 см. Осьтік қимасының диоганалін табыңыз. A)5 см B)4 см C)6 см D)10 см E)12 см. Цилиндрдің осіне параллель қимасының диоганалы 9 және табанымен 60 0 бұрыш жасайды. Егер табанында 120 0 доға қиылыса, цилиндрдің толық бетін табыңыз. A)40  B)54  C)55  D)41  E)42  3. Қиық конустың табандарының аудандары 25  және 64 , осьтік қимасының ауданы 52 болса, толық бетінің ауданын табыңыз. A)150  B)154  C)149  D)148  E) 151  4.Цилиндрдің осіне параллель қимасы одан см қшықтықта. Егер қиманың ауданы 8 см 2 және табанынан 60 0 доға қиса, онда цилиндрдің толық бетін табыңыз. A)40  B)54  C ) 55  D ) 24  E ) 42 

Изображение слайда

Похожие презентации