Первый слайд презентации: Тақырыбы : Абдоминалды сепсис
Орындаған:Қуанышбекова Ж.М Тобы: Хирургия -605 « ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ » МЕББМ НУО «КАЗАХСТАНСКО - РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
Слайд 2: Жоспар
Анықтамасы Этиологиясы Патогенезі Жіктелуі Клиникасы Диагностикасы Емі Жоспар.
Слайд 3
Абдоминалды сепсис — бұл іш қуысы мүшелеріндегі іріңді-қабыну процесінен ( мысалы, перитонит, ішек тесілуі, аппендицит, холецистит, панкреатит және т.б.) дамып, микроорганизмдер мен олардың уыттарының қанға енуі нәтижесінде бүкіл организмде жүйелік қабыну реакциясы пайда болатын ауыр инфекциялық ауру.
Слайд 4: Этиологиясы ( себептері мен қоздырғыштары )
Инфекция көзі : Перфорацияланған асқазан немесе ішек ойық жарасы Ішектің жарақаты немесе некрозы Аппендицит ( іріңді, перфоративті ) Холецистит, холангит Панкреонекроз (іріңді панкреатит) Гинекологиялық инфекциялар (пиосальпинкс, параметрит) Операциядан кейінгі ішкі абсцесс 2. Қоздырғыш микроорганизмдер : Аэробтар : Escherichia coli, Klebsiella, Proteus, Enterococcus Анаэробтар : Bacteroides fragilis, Clostridium spp., Peptostreptococcus Этиологиясы ( себептері мен қоздырғыштары )
Слайд 5: Патогенезі (даму механизмі )
Инфекцияның пайда болуы : Іш қуысы мүшелерінде іріңді қабыну немесе перфорация нәтижесінде бактериялар, токсиндер, қабыну медиаторлары ( цитокиндер ) қанға түседі. Жүйелік қабыну реакциясы ( SIRS): – Макрофагтар, нейтрофилдер белсенеді – TNF- α, IL-1, IL-6 сияқты қабыну медиаторлары бөлінеді – Қан тамырларының өткізгіштігі артады → сұйықтық пен плазма тамыр сыртына өтеді → гиповолемия Микроциркуляцияның бұзылуы: – Тіндерге оттегінің жеткізілуі азаяды – Метаболикалық ацидоз дамиды – Лактат деңгейі жоғарылайды Орган дисфункциясы : – Бүйрек → олигурия, анурия – Өкпе → жедел респираторлық дистресс-синдром (ЖРДС) – Бауыр → билирубинемия – Жүрек → гипотензия, тахикардия – Ми → сананың бұзылуы Септикалық шок: – Вазодилатация мен капиллярлық өткізгіштіктің жоғарылауынан қан қысымы төмендейді – Органдық перфузия жеткіліксіз → көп мүшелік жеткіліксіздік ( MODS) Патогенезі (даму механизмі )
Слайд 6: Негізгі физиологиялық көрсеткіштер:
Дене температурасы – Норма: 36,6 ± 0,5 ° C Сепсисте : көбіне қызу 38 ° C- тан жоғары немесе 35 ° C- тан төмен болуы мүмкін. Жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) – Норма: 60–90 соғ /мин Сепсисте : тахикардия (90–100 соғ /мин және одан жоғары ). Тыныс алу жиілігі (ТАЖ) – Норма: 16–20 рет /мин Сепсисте : тахипноэ (20–24 рет /мин және одан көп ). Артериялық қысым (АҚ) – Норма: систолалық 110–130 мм сын. бағ., диастолалық 70–85 мм сын. бағ. Сепсисте : гипотензия ( систолалық < 90 мм сын. бағ. немесе орташа АҚ < 65 мм сын. бағ.). Негізгі физиологиялық көрсеткіштер:
Слайд 7
Диурез – Норма: ≥ 0,5 мл/кг/ сағ Сепсисте : олигоурия (зәр азаюы < 0,5 мл/кг/ сағ ). Сананың жағдайы – Норма: анық, адекватты Сепсисте : енжарлық, ұйқышылдық, сананың шатасуы байқалады. Қан газдарының құрамы және рН – Норма: рН = 7,35–7,45 Сепсисте : метаболикалық ацидоз ( рН < 7,35), лактаттың жоғарылауы (> 2 ммоль /л). Лейкоциттер саны – Норма: 4–9 × 10⁹/л Сепсисте : лейкоцитоз (> 12 × 10⁹/л) немесе лейкопения (< 4 × 10⁹/л). Температура мен пульс арасындағы сәйкестік бұзылысы – Сепсистік интоксикацияда жиі байқалады (жоғары температура, бірақ салыстырмалы брадикардия).
Слайд 8: 1. SOFA шкаласы ( Sequential Organ Failure Assessment)
Мақсаты: Орган ( мүше ) жетіспеушілігінің ауырлығын және сепсистің болжамын бағалау. 1. SOFA шкаласы ( Sequential Organ Failure Assessment) Жүйе Көрсеткіш 0 балл (норма) 1–4 балл (ауырлығы бойынша) Тыныс алу PaO₂/FiO₂ >400 300–400 (1 б.), 200–300 (2 б.), 100–200 (3 б.), <100 (4 б.) Қанның ұю жүйесі Тромбоциттер ×10⁹/л ≥150 100–149 (1 б.), 50–99 (2 б.), 20–49 (3 б.), <20 (4 б.) Бауыр Билирубин (мкмоль/л) <20 20–32 (1 б.), 33–101 (2 б.), 102–204 (3 б.), >204 (4 б.) Жүрек-қантамыр Артериялық қысым Норма Сист. <100 (1 б.), вазопрессор қажет (3–4 б.) Орталық жүйке жүйесі GCS ( сан шкаласы) 15 13–14 (1 б.), 10–12 (2 б.), 6–9 (3 б.), <6 (4 б.) Бүйрек Креатинин (мкмоль/л) немесе диурез <110 110–170 (1 б.), 171–299 (2 б.), 300–440 (3 б.), >440 (4 б.) немесе диурез < 500 мл/ тәу
Слайд 9: 2. qSOFA шкаласы ( quick SOFA – жедел бағалау )
Мақсаты: Жедел жағдайда ( мысалы, қабылдау бөлімінде ) сепсис қаупін тез анықтау. 2. qSOFA шкаласы ( quick SOFA – жедел бағалау ) Критерий Норма Патологиялық көрсеткіш (1 балл) Тыныс алу жиілігі <22 рет/мин ≥22 рет/мин Систолалық АҚ >100 мм сын.бағ. ≤100 мм сын.бағ. Сананың жағдайы ( GCS) 15 <15 ( шатасу, ұйқышылдық т.б.) Нәтиже: 0–1 балл → төмен қауіп ≥2 балл → сепсис немесе септикалық шок қаупі жоғары
Слайд 10: 3. APACHE II шкаласы (Acute Physiology and Chronic Health Evaluation II)
Мақсаты: Науқастың ауырлық дәрежесін және өлім қаупін жан-жақты бағалау (жансақтау бөлімінде жиі қолданылады ). 3. APACHE II шкаласы (Acute Physiology and Chronic Health Evaluation II) 2 физиологиялық көрсеткіш : Температура Орташа АҚ Жүрек соғу жиілігі Тыныс алу жиілігі Оттегімен қамтамасыз етілуі ( PaO ₂ немесе A–a градиенті ) Артериалды рН Натрий, калий, креатинин Гематокрит Лейкоциттер саны GCS ( сан шкаласы ) Жасы ( жыл ): <44 = 0 б. 45–54 = 2 б. 55–64 = 3 б. 65–74 = 5 б. ≥75 = 6 б. Созылмалы аурулар (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек т.б.): Бар болса → қосымша 5 балл
Слайд 11: Нәтиже интерпретациясы :
Жалпы балл Өлім қаупі (%) 0–4 <5% 5–9 10% 10–14 15% 15–19 25% 20–24 40% 25–29 55% 30–34 73% ≥35 85–95% Нәтиже интерпретациясы :
Последний слайд презентации: Тақырыбы : Абдоминалды сепсис: Қорытынды
Шкала Мақсаты Артықшылығы qSOFA Жедел скрининг (жедел жәрдем, қабылдау бөлімі) Жылдам, қарапайым SOFA Орган жетіспеушілігін бағалау Нақты, лабораторлық көрсеткіштер қажет APACHE II Жалпы ауырлық пен өлім қаупін анықтау Кешенді, жансақтау бөлімінде қолданылады Қорытынды