Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары — презентация
logo
Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
  • Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары
1/12

Дайындаған: Жақсылық Дамира ҚТӘ 201-топ студенті Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Ақтөбе,2023 жыл

Изображение слайда

Слайд 2

Изображение слайда

Слайд 3

“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.” (А. Құнанбаев )

Изображение слайда

Слайд 4

Отбасындағы тәрбиелік қызметі Бұл отбасының аса маңызды қызметінің бірі болып табылады. Себебі, отбасынан алған тәрбиені, қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе әлеуметтік –мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру,яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын,өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу.

Изображение слайда

Слайд 5

Отбасының тәрбиелік қызметімен тікелей байланысты жағы - оның дамушылық қызметі. Оның мәнісі мынада. Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктеріне ертерек назар аударуы керек. Сонда ғана балалар өздерінің табиғи қабілеті мен дарындылығын көрсете алады. Жас күнінен бастап балалардың қабілетін танып, соған сәйкес тәрбие, бағыт-бағдар берудің маңызы айрықша. Балалардың ақыл-ой, еңбек қабілетін іске асыруы отбасында қалыптасады. Бұл балаға да, отбасының естияр мүшелеріне де тікелей катысты. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беру жөнінде қоғам алдында жауапкер

Изображение слайда

Слайд 6

Естеріңізде ұстаңыз: Баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.

Изображение слайда

Слайд 7

Изображение слайда

Слайд 8

Ата-ана мен бала үйлесімділігі Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің « жауына » айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек ? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – « ойнамау », жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.

Изображение слайда

Слайд 9

Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек.

Изображение слайда

Слайд 10

Ата –аналардың міндеті Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға ; Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға ; Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге ; Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата – аналар жиналысына қатысып отыруға.

Изображение слайда

Слайд 11

Тәрбиеге қатысты кеңестер Баланың тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен бастаған дұрыс емес. Ең алдымен баладан не талап етесіз,соны жақсылап анықтап алыңыз және балаға түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол жайлы біліп алыңыз. Балаңызға еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана тәрбиелей біліңіз. Балаңызға дайын шешімді шеше білуге көмектеспеңіз, керісінше оған жетудің жолын көрсетіңіз, уақыты келгенде балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және өтірік қадамдарын ажыратыңыз. Балаңыздың ең алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп алмаңыз. Уақытында ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды бағалаңыз, содан соң пауза жасап, естілген сөздерді қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Ең алдымен жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек. Баланың жасаған қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім көрсетіңіз, жанынан табылыңыз. Тәрбие бірнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбие қатал болуы керек, сонымен қатар мейірімді де.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы : Педагог пен отбасының бірлескен тәрбиелік шаралардың формалары

Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады : Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру. 5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш. 9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз.

Изображение слайда

Похожие презентации