ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ — презентация
logo
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • Тарих философиясыны ң құрылымы
  • Тарих философиясының қызметтері
  • Тарих
  • Тарихтың мәні
  • Тарих философиясының міндеттері
  • Тарих философиясыны ң пайда болуы
  • Тарихтың мәні
  • Тарихтың ғылым екендігі
  • Тарихты кім жасайды?
  • Тарих сөзінің мәні
  • Тарих түрлері, мазмұны
  • Тарихтың салалары:
  • Тарихтың салалары:
  • Тарихтың салалары:
  • Тарих және хроника
  • Тарих философиясының пәні
  • Тарих философиясының мәселелері:
  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ГЕНРИХ РИККЕРТ
1/25

Первый слайд презентации: ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ

Изображение слайда

Слайд 2

Изображение слайда

Слайд 3

Изображение слайда

Слайд 4

Изображение слайда

Слайд 5

Изображение слайда

Слайд 6

Изображение слайда

Тарих философиясының онтологиясы Тарих философиясының гносеологиясы Тарих философиясының антропологиясы Тарих философиясының тарихы

Изображение слайда

Гносеологиялық функция Методологиялық функция Дүниетанымдық фукция Теориялық функция Практикалық функция Болжау функциясы

Изображение слайда

Слайд 9: Тарих

Т арих – өткен күнде р. . Тарих – жәдігер, асыл мұра, қазына. Тарих – мирас. . Тарих – артта қалған жол, жүріп өткен сүрлеуіміз, соқпағымыз. Тарих – заманалар куәсі ақсақал қарт, тамыры терең кәрі емен. Тарих – қойнауы көмбені жасырған төбелер, қорғандар мен қорымдар.

Изображение слайда

Слайд 10: Тарихтың мәні

Тарихты әңгімелерден құрастырмайды, құжаттардың негізінде жазады. Нақты құжаттары жоқ тарих туралы айту тіршілікте болмаған әлдебір зат туралы айтқанмен бірдей. Құжаттармен байланысы жоқ тарих сенімсіз тарих. Мұндай қызыл сөзден құралған әңгіме тарих емес. Ол ақиқаттан ажыраған, сондықтан мағынасыз, бос. Халықсыз – тарих, тарихсыз - халық жоқ. Халқымыз үлкен бәйтерек болса, бәйтерек тамыры – тарих.

Изображение слайда

Слайд 11: Тарих философиясының міндеттері

- өркениеттер мен мәдениеттердің дамуын талдау арқылы тарихты зерттеу ; - өткен, қазіргі және болашақ арасындағы қатынастардың сипатын талдау ; - Тарихи эволюцияның негізгі факторларын зерттеу ; - тарихтың мағынасын зерттеу ; - тарихтың болашақ дамуын болжау.

Изображение слайда

Слайд 12: Тарих философиясыны ң пайда болуы

Тарих философиясы антикалық кезеңде пайда болды. Тарих философиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Геродот, Карл Ясперс, Арнольд Тойнби, Освальд Шпенглер, Дени Дидро, Вольтер (1694-1778г.), Шарль де Монтексье (1689-1755), Иоганн Готфрид Гердер, Жан-Жак Руссо (1712-1778), Питирим Александрович Сорокин, Ге о рг Вильгельм Фридрих Гегель « Тарих философиясы »

Изображение слайда

Слайд 13: Тарихтың мәні

Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан- жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. 1723- 1789 жылдары 40 мың кітап баспадан шықса, оның 3370- і тарихи еңбек болды. Сондай- ақ, тарихи сөздіктер үлкен сұранысқа ие болып отырды.

Изображение слайда

Слайд 14: Тарихтың ғылым екендігі

Тарих— адамзат баласының өткенін зерттейтін үздіксіз даму үстіндегі қоғамдық ғылым. Яғни, адамдардың басынан өткен жағдайларын баяндайтын ғылым. Тарих бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік- уақыттық өлшемдегі қоғам өмірі дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарих – тарихи білімнің жеке салаларынан: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с.қалыптасатын іргелі ғылым.

Изображение слайда

Слайд 15: Тарихты кім жасайды?

Тарихты зерттеушілер, мысалы Геродот, Гердер, Фукидид, Сыма Цянь, Е.Бекмаханов, М.Қозыбаевтар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ә.Марғұлан атындағы Археология институттары болса, ал халық, тұлға және билік тарихты жасаушылар. Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығы анықталуының растамасы.

Изображение слайда

Слайд 16: Тарих сөзінің мәні

Сонымен тарих адамзат баласының өткенін зерттейтін ғылым болса, оның негізгі кейіпкері ол - адам. Тарих адамдардың қалай өмір сүргенін, пайда болғанын, түрлі ұлттардың тұрмыс- тіршілігін, сонымен қоса сол кездерде қандай оқиғалар болғанын, олардың себебі мен салдарын зерттейді. Тарих бір жағынан әңгіме, өмірде «шын» болған ерекше оқиғаны әңгімелеу ретінде түсінілсе, екінші жағынан ол сол болған оқиғаны зерттейтін, растайтын, ондағы оқиғалар мен мәліметтерді негіздеп көрсететін, дәлелдейтін – ғылым. Тарих сөзі 1) көне грек тілінде – ἱστορία, яғни, сұрастыру, зерттеу мағынасын берсе, 2) араб тілінде бастапқыда «уақытты анықтау», кейіннен «оқиғалар тізбегі» деген мағыналарды білдірген. Көне рим тарихнамасында бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, ойдан құрастырылған әңгімелерді айта бастады.

Изображение слайда

Слайд 17: Тарих түрлері, мазмұны

Тарих объектіні зерттеу бойынша кеңістік жағынан: әлем тарихы (дүниежүзілік немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Қазақстан тарихы) болып бөлінеді. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмір сипатында көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.

Изображение слайда

Слайд 18: Тарихтың салалары:

Тарих салалары сала болумен бір мезгілде тарихқа қосымша пәндер болып та табылады. Олар мыналар: Археология - тарих ғылымының белгілі уақыттағы және кеңістіктегі адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология адамның өмірі мен тіршілігі туралы заттай деректерге сүйеніп зертейтін ғылым саласы. Археология атауы түркінің арғы және гректің логос- ғылым деген сөздерінен тұрады. Археология – тарихтың айнасы. Ежелгі дәуірдің заттай деректерін - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттеп, дәлелдермен қамтамасыз етеді. ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ мен жасалған заттардың ерекшелігіне қарай археологтар адамзат дамуын мынадай дәуірге бөледі: Тас дәуірі Қола дәуірі Темір дәуірі

Изображение слайда

Слайд 19: Тарихтың салалары:

Археография– тарихи актілер мен құжаттарды, қолжазба деректерді жинаудың, сипаттаудың және жариялаудың теориясы мен тәжірибесі жөніндегі ғылым саласы. Геральдика – гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы Бонистика - қағаз ақша белгілері мен боналарды тарихи құжаттар ретінде зерделейтін тарихи пән. Палеография – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай- ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи- филологиялық арнайы пән. Бұл аталғандар тарихи ғылымдар. Барлығы жүйелі түрде халықтардың тұрмыс- салтын, жалпы болмысын зерттейді. Бұлардың қатарына тарихи ғана емес әр ғылым түйісіндегі кешендік ғылымдар болып табылатын: этнография, тарихи география, нумизматика, демография, шежіретану, деректану, тарихнама, антропология т.б. қосамыз. Келесі слайдты қарайық

Изображение слайда

Слайд 20: Тарихтың салалары:

Тарихи деректерді нақтылау үшін адамның шығу тегін, дамуын зерттейтін ғылым - антропологияға жүгінеміз. Адамның бет пішіні, түр- түсі, бойы, сыртқы биологиялық қасиеттерін де антропология зерттейді. Адамның шығу тегін зертейтін ғылым генеология деп аталады. Ру, тайпа аттарынан бастап, өздеріне дейінгі ата- бабалары туралы мәлеметтерді жинау ШЕЖІРЕ деп аталады. «Шежіре» сөзі – есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді. Этнография: этнос- тайпа, графо- жазамын деген грек сөзінен құралған. Этнография – бұл халықтардың әдет- ғұрпын, салт- санасының дамуын, ерекшеліктерін зертейтін ғылым.

Изображение слайда

Слайд 21: Тарих және хроника

Өмір әрқашанда бүгінгі күн, ал тарихи әңгіме — келмеске кеткен, дәл осы сәттің айқындылығын жоғалтқан өткен күн. Жеке және дербес деректер хрониканың еншісіне бөлініп, тарихқа халықтық және көпке ортақ деректер қалдырылады. Тарихқа аса маңызды оқиғалар туралы есте қалған деректер, ал хроникаға сол оқиғалардың уақыты не болмашы мәліметтер тіркелді. Тарих оқиғалардың тереңіне бойласа, ал хроника оның үстіңгі қабатында сол оқиғаны меңзеуші ролінде болады. Хроника мен тарих тарихтың ажырамас екі формасы.

Изображение слайда

Слайд 22: Тарих философиясының пәні

Тарих философиясы адамзаттың тарихи дамуының неғұрлым іргелі заңдары мен принциптерін зерделеуге арналған. Маңызды мәселелері: тарихтың мағынасы мен мәні, тарихи үдерістердің қозғаушы күштері мен тетіктері, әлеуметтік прогресс пен оның критерийлері, адамзат тарихының бірлігі мен саналуандығы. Тарих философиясы өтіп жатқан оқиғалардың мәнін оларды өткен заман оқиғаларымен қатар қойып салыстыра отырып ашуға және осы негізде жақын болашақты болжауға ұмтылады.

Изображение слайда

Слайд 23: Тарих философиясының мәселелері:

тарихтың мәні мен бағытталуы қоғамды типологияландырудың әдістемесі тәсілдері тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері тарихи процесс ілгерілеуінің критерийлері және т.б.

Изображение слайда

Слайд 24

Тарих философиясына берілген анықтамалар өте көп. Дегенмен анықтамалардың басым бөлігінің мәні мына төмендегі тұжырымдармен шарттас: Тарих философиясы тарихи процесті тұтасымен түсінуге және тарихи танымның әдістемелік мәселелерін талдауға бағытталған философиялық білім құрамындағы бағыт. Тарих философиясы тарихи шындықты, тарихтың мәні мен мақсатын, тарихтың негізгі қозғаушы күштері мен олардың тетіктерін, тарихи қажеттілік пен адам еркіндігінің арақатынасын, тарихтың бірлігі мен алуан түрлілігін, т.б. қарастыратын ілім.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ: ГЕНРИХ РИККЕРТ

Риккерт үш бірдей заңды ғылымдарды бөліп көрсетті: бұл – жалпы тарих тарихи өмірдің ұстындары туралы ілім тарих ғылымының логикасы (қисыннамасы). Олардың барлығының да тарих философиясы деп аталуына бірдей құқықтары бар, - деді.

Изображение слайда

Похожие презентации