Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал » — презентация
logo
Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал »
  • Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал »
  • Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал »
  • Міржақып Дулатұлы   (1885—1935) —  қазақтың  аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері,  ақын,  жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Алыстан Алаш десе аттанамын,
  • Шығармалық мұрасы
  • Бақытсыз Жамал
  • Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал »
  • Қысқаша мазмұны
  • Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал »
1/8

Изображение слайда

Слайд 2

Изображение слайда

Туған жері  — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қ a з ipri   Қостанай облысының   Жанкелді ауданына   қарасты " Қызбел " ауылы ). Әкесі  — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап,  етік,  мәсі   тіккен. Шешесі  — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл  мектеп   Міржақыптың білімін толықтырумен қатар,  азамат   ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасады.

Изображение слайда

Слайд 4: Шығармалық мұрасы

Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — " Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін   1913   жылы   Орьнборда  " Азамат ", ал  1915   жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы —ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы " Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың н eri зг i мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.

Изображение слайда

Слайд 5: Бақытсыз Жамал

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал » романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Сауаттысы жатып кеп оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық сол оқығандарды жағалай отырып тыңдайтын. Сора-сора жас алып, өз бастарындағы жағдайды жіте көріп, сезіне жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болған соң әйел қауымы өре түрегелді. Талай басыбайлы әйел затына ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас ( Ғали мен Жамал ) арасындағы махаббат мәселесі арқылы беру, романның оқырманның жанына жол тапқан кілті десек қателеспейміз. Бұл сөзімізді қаламгердің қызы Г. Дулатованың «Ардақтап өтем әкемді» атты естелігінде (Жұлдыз, 1990, 6 сан)   былай дейді : «... Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес тылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз-келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыратын. Үлкендер жағы кешкі отырыстарда «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын-тойларда кітаптағы өлең жырларды әнге қосып айтатын ».

Изображение слайда

Слайд 6

Изображение слайда

Слайд 7: Қысқаша мазмұны

Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға   тарап, ел арасында " Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады. Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады. Жиында бітімі де, сымбаты мен сәне де, сөзі де бөлек жігіт Ғали да болады. Жастар айтысып, көңіл көтеріп отырғанда Ғали мен Жамалдың бір-біріне көңілі түсіп, сөзі жарасады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Екеуінің артынан қуғыншылар түседі. Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатқанда, аяқ асты Ғали ауырып, дүние салады. Ғали бақилық болғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешкен Жамал қыс ішінде үйінен қашып шығып, Ғалидың бейітнің басына барады. Тағдырына нала болған қыз сүйгенінің бейітінің басында жылап жатып көз жұмады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы : Міржақып Дулатов «Бақытсыз жамал »

Изображение слайда

Похожие презентации