Слайд 2: Губк алар
Губкалар т ұ щы суларда, басым кӛпшілігі теңіздерде, су т ү біндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам тҥрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді. Г убкаларды кейде латынша Porifera – ұсақсаңылауы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары ( поралары ) арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады
Слайд 3
Губкалар басқа организмдермен селбесіп кейде қауымдасып та тіршілік етеді. Мысалы, тҧщы су губкалары бір клеткалы жасыл балдырлармен - зоохлореллалармен ; губка - Suberites domuncula - тақуа шаянмен ; м ү йізді губка - Cryptospongia enigmatica – көпқылтанды буылтық құртпен - Potamilla symbiotica - мен селбесіп тіршілік етеді. Кейбір көпқылтанды буылтық қ ұ рттар, шаянтәрізділер, жыланқ ұ йрықтылар ( тікентерілілер ) губкаларды жауынан жасырынатын баспана ретінде пайдаланады, ал ө з кезегінде губкалар да крабтардың, бауыраяқты моллюскалардың бақалшағына қоныстанып тіршілік етеді. Губкалардың жағымсыз ащы иісті заттары болғандықтан, олармен қ оректенетін жануарлар да аз
Слайд 4: К ө беюі және дамуы
Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз к ө беюі бҥршіктену арқылы жҥреді. Дененің сыртқы қабатында б ү ршік пайда болады. Бұршіктің қ ұ рылысы губканың құрылысына ұ қсас. Ол ө се келе аналық губканың денесінен б ө лініп, субстратқа бекініп жеке тіршілік ете бастайды. Көп жағдайда бүршіктер денеден үзілмей, аналықпен қарым-қатынасын сактап - колония тҥзеді. Кейбір губкаларда б ү ршіктердің шекарасы жойылып, бүршіктер анасының денесімен бірігіп тұтас қомақты колонияға айналады, осындай колониядағы бүршіктердің санын оскулумдардың санына қарай білуге болады.
Слайд 6: ІЗБЕСТІ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - CALCAREA НЕМЕСЕ CALCISPONGIA
Қаңқасы көмір қышқыл ізбесті инелерінен ( спикулаларынан ) қ ұ ралған, олар ө те ұс ак, бір, ү ш немесе т ө рт осьті, бір-бірімен байланыссыз бос орналасқан. Тек қана теңіздердің таяз жерлерінде жеке немесе колония ТУЗІП тіршілік етеді. Денесі ұсақ, т үтік, цилиндр, к ү бі тәрізді. Қ ұр ылысы аскон, сикон, лейкон типті. Жиі кездесетін Sycon, Leuconia, Leucosolenia, Sycetta - туыстары.
Слайд 7: КӘДІМГІ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - DEMOSPONG1A
Қаңқасы кремнилі немесе спонганді, кейде екеуі де аралас күйде құрылады. Инелері бір, төрт, көп осьті. Теңіздерде, тұщы суларда, судың жағалауынан тереңдігіне дейін кең тараған, жеке немесе колония түзіп тіршілік етеді. Құрылысы лейкон типтес, талшықты камералары ұсақ, дөңгелек ( жұмыр ) болып келеді. Бұл класқа қазіргі уакытта көп кездесетін губкалар жатады. Олар екі отрядқа бөлінеді : тӛрт сәулелі - Tetraxonida және кремнилі м ү йізді губкалар - Cornacuspongida.
Слайд 8
ШЫНЫЛЫ ГУБКАЛАР КЛАСЫ - HYALOSPONG1A Кремнезем инелерінен ( ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан ) құралған, негізінен ҥш осьті немесе алты сәулелі, бір-бірімен өзара байланысты тор тәрізді қаңқасы болады. Теңіздердің терең жерлерінде ғана жеке тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см-ге дейін, түтік, қап, бокал тәрізді. Құрылысы сикон типтес, талшықты қалталары ірі, ҧзын болып келеді. Кластың ерекшелігі - мезоглея қабаты нашар дамыған, барлық клеткаларының мембраналары жартылай ерігендіктен цитоплазмалары өзара жалғасып - синцития деп аталатын құрылым түзейді.