Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе — презентация
logo
Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе.
  • ЖОСПАР
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
  • Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе
1/13

6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих, 6В01602-Тарих-Дінтану

Изображение слайда

Слайд 2: ЖОСПАР

Археология және алғашқы қауымдық қоғам тарихының мақсаты мен міндеттері Алғашқы қоғам тарихының шежіресі мен дәуірленуі Археологиялық ескерткіштердің түрлері. Археологиялық зерттеулердің әдістері.

Изображение слайда

Слайд 3

Дүниенің жаратылуынан бастап қарасақ, жер планетасы шамамен 5 млрд. жылдай өмір сүруде екен. Ал оның бетінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шамамен 2 млрд. жылға жуық тіршілік құруда. Адамзат баласы болса, жануарлар дүниесінен бұдан 2,6 млн. тіпті 2,5 млн. жыл бұрын бөлініп шықты деген пікірлер бар. Кей тарихшылар «до история», «пред история» яғни, «тарихтың алды» деген пікір білдірсе, ал енді бір кеңестік тарихшылар «первобытная история» деген тұжырымдар айтты. Тарихшылардың негізгі бөлігі алғашқы қауымдық құрылыс тарихының қай кезеңін алып қараса да алғашқы болып табылатындықтан осы атауды дұрыс деп тапты.

Изображение слайда

Слайд 4

Адамзат тарихында бірін-бірі алмастырып отыратын бес қоғамдық-экономикалық формациялар бар. Олар: алғашқы қауымдық қоғам, құл және құл иеленушілік қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік және коммунистік қоғамдар. Осы формациялардың ең бірінші қоғамы туралы ілімді біз «Алғашқы қоғам тарихы» пәні арқылы біле аламыз. «Алғашқы қоғам тарихы» пәні жер бетінде адамның пайда болуынан таптық қоғамдар мен мемлекеттердің тууына дейінгі бүкіл орасан үлкен уақыт кезеңін қамтиды. Сонымен қатар алғашқы қоғам тарихы адамның шығуымен қатар, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын, оның рухани және материалдық мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы қоғам тарихы пәнінің міндеті : алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсет, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 5

Алғашқы тұрмыстық қауым құрылысында өндіргіш күштер дамуы өте төмен дәрежеде жүрді. Өйткені оның бүкіл дамуы бойында қарулармен еңбек құралдарын жасау үшін басты материал болып тас қала берді. Сондай-ақ алғашқы қоғам адамдарының еңбек дағдылары мен өдірістік тәжірибелері де мейілінше жетілдірілмеген еді. Техникалық жағынан нашар жабдықталған, өзінің жеке басының күшін нашар білетін алғашқы қауым адамы табиғат алдында бір өзі қорғаныссыз болды. Осыдан келіп алғашқы тұрмыс адамдары тіршілік ету жолында бірігіп күресуі үшін ұжымдық еңбек құралдарына және өнімдеріне ұжымдық меншіктіліктің бірігу қажеттілігі туды.

Изображение слайда

Слайд 6

Алғашқы қоғам тарихының шежіресі мен дәуірленуі: Алғашқы қоғам тарихын дәуірлеу күрделі де әлі де болса ақыр аяғына дейін шешілмеген ғылыми мәселе болып табылады. Еңбек құралдарын жасап шығарудың материалы мен техникасының айырымдарына негізделген археологиялық дәуірлеу кеңінен таралған. Бұл адамзат тарихын үш ғасырға: тас, қола және темір ғасырына бөлу. Тас ғасыры көне тас ғасырына немесе палеолитке, жаңа тас ғасыры немесе неолитке және палеолит пен неолит арасында ауыспалы дәуір – мезолитке бөлінеді. Палеолит ерте (төменгі, көне) палеолитке (бұдан 1000-40 мың жыл бұрын) және кейінгі (жоғарғы) палеолитке (бұдан 40-12 мың жыл бұрын) бөлінеді. Ерте палеолит археологиялық дәуірлерге немесе мәдениеттерге: шелль, ашелль және мустьер дәуірлеріне бөлінеді. Кейде мустьер дәуірін (бұдан 140-40 мың жыл бұрын) ерекше кезеңге: орта палеолитке бөледі. Кейінгі палеолитті, әдетте дәуірлерге, замандарға: ориньяк, солютрей және мадлен дәуірлері деп бөледі. Алайда бұл дәуірлер тек мұздақталған Еуропада ғана қадағаланған да жалпы ортақ маңызға ие бола алмайды. Мезолит шамамен б.э.д. 12-5 мың жылдықтар деп шамаланады. Сонымен қатар мыстан алғашқы қару пайда болған неолит дәуірінің ақырын энеолит немесе халколит деп те атайды. Қола ғасырының шамамен шежірелік шама-шарқы - б.э.д. ІІІ мың жылдықтың ақыры – І мың жылдықтың басында темір ғасыры келіп жетеді.

Изображение слайда

Слайд 7

Археологиялық дәуірлеудің алғашқы тұрмыс кезеңінің өндіргіш күштерін зерттеу үшін маңызы зор. Алғашқы тұрмыстық шаруашылық дамуының комплексті сипаттамасына негізделген неғұрлым жетілдірілген дәуірлеуді 1870-шы жылы көрнекті американ этнографы Люис Генри Морган жасады. Ол алғашқы тұрмыстық тарихты үш сатыға тарата отырып, шаруашылық пен материалдық мәдениет дамуының белгілі бір белгілерімен сипатталатын варварлық және тағылық дәуірлерге бөлді. Морган бойынша тағылық дәуірді – иемденуші жинап-терушілік және аң-балық аулау шаруашылығының уақыты; оның төменгі сатысы ең көне адамның пайда болуынан, ортаңғысы – балық шаруашылығы туып, отты қолданудан, жоғарғысы садақ пен жебені ойлап тапқан кезден басталады. Варварлық заманы – егіншілік-мал шаруашылығы өндіретін уақыт, оның төменгі сатысы қыш ісін ойлап табудан, ортаңғысы мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден, жоғарғысы – темірдің пайда болуынан басталады.

Изображение слайда

Слайд 8

Алғашқы тұрмыс тарихы дамуының бірінші кезеңі деп, көбінесе алғашқы тұрмыс адамдар табының дәуірін атайды. Бұл еңбектің жасанды қаруларының пайда болуымен, демек, алғашқы, әзірге әлі де болса, нашар біріккен өндіріс коллективтерін құраған ең көне адамдардың шығуымен ашылады. Алғашқы тұрмыс тарихының екінші кезеңі де алғашқы тұрмыстық рулық қауым дәуірін немесе рулық құрылыс дәуірін атайды. Бұл дәуір ең алдымен өндіріс қарулары үшін арнаулы тас қаруларды кеңінен қолданумен және өз соңынан әлеуметтік ұйымның алғашқы берік формасы –рулық қауымның тууымен байланысты. Алғашқы тұрмыс тарихының үшінші кезеңі – формацияның ыдырау дәуірі ең алдымен тас орнына металдың пайда болуымен байланысты өндіргіш күштердің дамуында алға жаңа ірі қадам басуымен көрінеді. Бұл кезеңде шаруашылық қызметінің барлық салаларының тез дамуы, артық өнімнің пайда болуы, қоры бар байлық үшін тонаушылық соғыстар кеңінен таралады. Рулық қауым семьялық қауымдарға бөлініп кетеді. Алғашқы тұрмыстық қоғам шеңберінде жеке меншіктік таптар мен мемлекет пісіліп жетіледі.

Изображение слайда

Слайд 9

Алғашқы тұрмыстық-қауымдық формацияның ыдырау дәуірі кеңес ғылымында жалпы қабылданған атқа ие болған жоқ. Оның түрлі өзіне тән белгілеріне сүйене отырып, бір тарихшылар (С.П.Толстов, М.Г.Косвен) мұны соғыс демократия дәуірі, екіншілері (А.И.Першиц, Ю.В.Кнышенко) – алғашқы тұрмыстың іргелес қауым дәуірі деп атайды. Археологиялық жағынан бұл дәуірге энеолит, қола, немесе ерте темір дәуірі, Морган дәуірлеуінде варварлықтың жоғарғы сатысы сай келеді. Алғашқы қауымдық қоғам тарихының бұл дәуірленуі кеңестік ғылымда ең көп таралды, бірақ жалпылай қабылданған емес. Мәселен, П.П.Ефименко алғашқы тұрмыстық табын заманын орта палеолиттік алғашқы тұрмыстық қауым және рулық қауым деп ажыратады. Ю.И.Семенов алғашқы тұрмыс тарихын алғашқы тұрмыстық адам қоғамының таптық қоғамға айналуы деп түсіндіреді, бірақ жартылай биологиялық, жартылай әлеуметтік адам табыны әлі де болса алғашқы тұрмыстық қауым формациясынан тыс жатқан еді деп санайды.

Изображение слайда

Слайд 10

Археология – тарих ғылымының бір саласы болып табылады. Тарих ғылымы адамзаттың өткенін, адамзат қоғамының дамуы мен оның заңдылықтарын зерттейді. Археологияда осындай мақсаттарды көздейді, сондықтан да бұл тарих ғылымының бір бөлігі болып табылады. «Археология» сөзі гректің «архайос» - ежелгі, «логос» - ғылым немесе сөз деген екі сөзінен шыққан. Тарих ғылымында деректің екі түрі бар: жазба және заттай. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған заттар заттай деректер қатарын құрайды. Археология қосалқы тарихи пәндер қатарына кірмейді. Археологтар қазба жұмыстары барысында алынған материалдары негізінде кең тарихи мәселені алдыларына қойып, оны шешеді. Археология – адамның пайда болуы мен сана – сезімінің қалыптасуына дейін зерттейтін жан – жақты ғылым саласы. Сонымен археология адамзат қоғамының дамуымен өзінің заттай деректері арқылы дамудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Заттай деректердің қазба жұмыстары барысында алынғандығын ескере отырып археологияны «күрекпен қолға түсірілген» тарих деп те аталған.

Изображение слайда

Слайд 11

Археологтар зерттеген заттар ежелгі қорғандар мен қоныстардан табылған. Қорғандардың ішінен табылған заттар о дүниелік өмірге деген сенімнің дәлелі болған: оларды өлікпен бірге обаға қойған, яғни заттарды келесі өмірде пайдаланады деген сеніммен өлікпен қоса жерлеген. Алғашқы қоныстанушылар салған баспаналар ағаштан болса, онда оның қалдықтары көптеп саналған. Малдың сүйектері, ыдыстардың сынықтары секілді. Бұл қалдықтарды топырақ басып уақыт өте келе жердің деңгейі көтеріле берген. Үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында да құрылыс қалдықтары қалған. Сондай – ақ үй өртеніп кеткен жағдайда ағаштың шоқтары, күлі кездескен. Егер үйді бұзған жағдайда оның төменгі бөлігі жер астында қалған. Жаңа үй салу кезінде жаңа қоныстар пайда болған. Мұндай жағдайда ескі қоныс орындарынан лақтырылып тасталаған сынық заттардан басқа, ұмыт қалдырылған немесе жоғалған бүтін заттарды кездестіруге болады. Біздің ежелгі тарихымыз жөнінде мәлімет беретін құнды жәдігерлеріміз осылай жер астына кеткен. Ешқандай зат, қоныс, тұрғын үй жәйдан – жай жер астында қалмаған. Оның жоғарыда біз көрсеткендей себептері бар. Осы себептерді анықтау археологияның бір міндеті болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 12

Жер қабаттарынан табылған заттар сол кедердегі қоғам дағы мәдениеттің деңгейін көрсетеді, сонықтан да пайда болған қабаттарды мәдени қабаттар деп атаған. Ежелгі қабірлерді екі типке бөлеміз: оба және қорған. Шұңқырдың үйіндісіз орналасқан қабір – оба, ал топырақ үйіндісі бар қабір - қорған болып саналады. Кез келген қабірлер, қоныс және ол жерден табылған заттар, ежелгі ғимараттардың қалдықтары және т.б. археологиялық ескерткіштер болып табылады. Археологиялық ескерткіштердің ішінен оңай қолға түсірілетіні аздап саналады. Олар айқын көрінетін қорғандар мен қалашықтар. Ескерткіштердің көп бөлігі жер астында жатқандықтан, іздеуді көп қажет етеді. Олар: обалар, тұрақтар, ежелгі жолдар, құбырлар. Мұндай көзге оңайлықпен түсе қоймайтын ескерткіштерді археологтар ескерткіштің орналасқан жерінің топографиялық заңдылықтарын біле отырып, сол жерді мұқият аралап, ескерткіштің орнын тауып ежелгі заттарды іздей бастайды. Мұндай жағдайда археологтар бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Кіріспе. Археология және алғашқы қоғам тарихы пәніне кіріспе

Авиабарлау әдісі. Бұл әдіс бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында алғаш рет пайдаланылған. Ежелгі құрылыстардан, обалардан қалған түсті дақтар жоғарыдан жақсы көрінген. Сондай – ақ ауадан балшықтан тұрғызылған баспаналар мен қоныстардың қалдықтарын да айқын көруге болады. Қорғанның маңайында өсімдіктер қалың өскен. Авиабарлау археологиялық ескерткішті іздеуде ерекше орын алған. Тоқ өткізгіш әдісі. Қабатқа электр желісін тартып ғимараттың қабырғаның сызбасын алады. Химиялық анализ жүргізу. Қоныстанушылардан қалған заттарға химиялық анализ жүргізіледі. (Органикалық заттарға) Археологиялық қазба жұмысын жүргізу барысында табылған ескерт кіштердің ұзындығын, енін, тереңдігін нақты анықтау керек. Сондай-ақ мәдени қабаттардың құрамын, яғни ескерткіштердің археологиялық ст ратиграфиясын зерттеу керек. (Латынша стратум-қабат, грекше графо- жазу).

Изображение слайда

Похожие презентации