Ш ығын дардың жіктелуі — презентация
logo
Ш ығын дардың жіктелуі
  • Ш ығын дардың жіктелуі
  • Анықтамалар көп
  • «Шығындар» және «шығыстар»
  • Шығындарды жіктеудің 3 негізгі бағыт ( К.Друри бойынша )
  • Өнімнің өзіндік құнын есептеу және қорларды бағалау үшін
  • Шешім қабылдау және ж оспарлау үшін
  • Бақылау және реттеу п роцесін жүргізу үшін
  • Кіріс шығындары және өткен шақтың шығындары
  • Тікелей және жанама шығындар
  • Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес)
  • Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес)
  • Айнымалы және тұрақты шығын
  • Жартылай айнымалы және жартылай тұрақты шығын
  • Бас қа да жіктеулер
  • Бас қа да жіктеулер
  • Бас қа да жіктеулер
  • Реттелетін және реттелмейтін
  • Бақыланбайтын және бақыланатын
  • Шығын функциясы
  • Шығын функциясы
  • Шығын функциясы
  • Шығынды бағалаудың әдістері
  • Минимакс әдісі
  • Мысал
  • Шешу
  • Шешу
1/26

Первый слайд презентации: Ш ығын дардың жіктелуі

2-та қырып

Изображение слайда

Слайд 2: Анықтамалар көп

Шығындар бұл тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынатын ресурстар (ақшалар) деп түсіндіреді Шығындар - бұл қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге қабілетті каражаттар Анықтамалар көп

Изображение слайда

Шығыстар - ол ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойында табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді. Басқаша айтқанда, шығыстар – бұл есептік кезеңде табыс алумен байланысты кәсіпорынның жұмсалған шығындарының бір бөлігі. «Шығындар» және «шығыстар»

Изображение слайда

Слайд 4: Шығындарды жіктеудің 3 негізгі бағыт ( К.Друри бойынша )

Бірінші бағыт : Өнімнің өзіндік құнын есептеу және қорларды бағалау үшін Екінші бағыт: Шешім қабылдау және ж оспарлау үшін 3) Үшінші бағыт: Бақылау және реттеу п роцесін жүргізу үшін Шығындарды жіктеудің 3 негізгі бағыт ( К.Друри бойынша )

Изображение слайда

( 1 ) кіріс шығындары және өткен шақтың шығындары (2 ) тікелей және жанама шығындар (3 ) өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес) Өнімнің өзіндік құнын есептеу және қорларды бағалау үшін

Изображение слайда

(1 ) айнымалы, жартылай айнымалы; т ұрақты және жартылай тұрақты шығын (2 ) қайтарылмайтын (кері қайталанбайтын) шығындар (3)алдағы кезең және өткен кезең шығындары (4 ) баламалы (альтернативтік) шығындар (5 ) жойылатын және жойылмайтын шығындар (6 ) инкрементті (өспелі, өсімді) және маржиналды (шектеулі, шекті) шығындар Шешім қабылдау және ж оспарлау үшін

Изображение слайда

Слайд 7: Бақылау және реттеу п роцесін жүргізу үшін

( 1 ) реттелетін және реттелмейтін шығын (2 ) бақыланатын және бақыланбайтын шығын Бақылау және реттеу п роцесін жүргізу үшін

Изображение слайда

Слайд 8: Кіріс шығындары және өткен шақтың шығындары

Кіріс шығындары – бұл болашақта табыс көзі болатын бұрыннан алынып қойған және қолда бар ресурстар. Баланста – бұл шығындар актив ретінде көрсетіледі. Өткен шақтың шығындары – табыс алу үшін жұмсалған және бұдан былай табыс әкелу қабілетін жоғалтқан шығындар. Олар қорларды бағалауға қосылмауы керек және есептік кезеңде сатылған өнімнің өндірістік шығынның құрамында көрсетіледі. Кіріс шығындары және өткен шақтың шығындары

Изображение слайда

Слайд 9: Тікелей және жанама шығындар

Тікелей деп - өнімнің нақты түрлерін өндірумен байланысты шығындарды айтады және де олар өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізіледі. Жанама деп – бірнеше өнім түрлерін өндіру үшін жалпы сипатта құнына тарату әдісінің көмегімен жанама түрде есептелінеді. Тікелей және жанама шығындар

Изображение слайда

Слайд 10: Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес)

Халықаралық бухгалтерлік есеп беру стандарт - тарына сәйкес «Өндірістік өнім қорларын» бағалау үшін тек өндірістік шығындар ғана өнімнің өзіндік құнына кіруі керек. Сондықтан басқару есебінде шығындарды келесідей есептейді: (1) өнімнің өзіндік құнына кіретін (өндірістік) шығындар; ( 2) есептік кезең шығындары (өндірістік емес). Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес)

Изображение слайда

Слайд 11: Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес)

Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар 3 элементтен тұрады: ( 1) тікелей материалдық шығындар; ( 2) тікелей еңбекақы шығындары; ( 3) жалпы өндірістік шығындары (жанама ). Кезеңдік немесе өндірістік емес шығындар - тікелей өндіріс процесімен байланыссыз өндірістік емес сипаттағы шығындармен көрсетілген. Өндірістік құнға кіретін (өндірістік), есептік кезең шығыны (өндірістік емес)

Изображение слайда

Слайд 12: Айнымалы және тұрақты шығын

Өндіріс көлеміне тікелей тәуелді өзгеретін шығындар айнымалы шығындар деп аталады (мысалы, негізгі материалдар). Тұрақты шығындар – белгілі бір уақыт кезеңінде өндіріс ауқымында өзгеріссіз болып қалады (ғимараттар бойынша тозу). Айнымалы және тұрақты шығын

Изображение слайда

Слайд 13: Жартылай айнымалы және жартылай тұрақты шығын

Жартылай тұрақты шығындар – белгілі бір өнім көлеміне өзгеріссіз болатын шығындарды, бірақ өндірістің критикалық сәттерінде белгілі бір деңгейде өсетін немесе төмендейтін шығындарды айтады Жартылай айнымалы шығындар – тұрақты және айнымалы компоненттерден тұратын шығындар ( мысалы, жабдықтаушылар бөлімінің шығындары ) Жартылай айнымалы және жартылай тұрақты шығын

Изображение слайда

Слайд 14: Бас қа да жіктеулер

Қайтарылмайтын шығындар - жасалынған шығын, яғни сатып алынған ресурстарға кеткен шығын, сондай-ақ қандай шешім келешекте қабылданса да өзгермейтін шығындар (мысалы, жинақталған тозу сомасы ). Алдағы кезең (немесе есепке алынатын) шығындары – қабылданған шешімнің әсеріне душар болған болашақтағы шығындар, ал керісінше өткен кезең (немесе есепке алынбайтын) шығындар болып табылады. Бас қа да жіктеулер

Изображение слайда

Слайд 15: Бас қа да жіктеулер

Баламалы ( альтернативтік) шығындар деп баламалы вариантты қабылдау нәтижесінде жіберілген пайда немесе мүмкіндіктердің көлемін көрсететін шығындарды айтады. Жойылатын деп әрекеттердің баламалы вариантын таңдау нәтижесінде жойылуға мүмкіншілігі бар шығындарды айтады, ал керісінше жойылмайтын шығындар болып табылады. Бас қа да жіктеулер

Изображение слайда

Слайд 16: Бас қа да жіктеулер

Инкрементті (өспелі) – бірнеше қосымша бірліктерге жұмсалған шығындарды (табыстарды) айтады, ал қосымша шығындарды (табыстарды) бір бірлікке шақса, онда бұл шығындар (табыстар) маржинальды (шекті) болып табылады. Бас қа да жіктеулер

Изображение слайда

Слайд 17: Реттелетін және реттелмейтін

Реттелетін - жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелген шығын, олардың деңгейі, мейлінше менеджер тарапынан реттеу қабілеттеріне тәуелді болып келеді. Ал керісінше бұл шығын осы менеджерге қатысты реттелмейтін болып жіктелуі қажет Реттелетін және реттелмейтін

Изображение слайда

Слайд 18: Бақыланбайтын және бақыланатын

Бақыланбайтын шығынға кәсіпорын басқару қызметімен байланысты емес шығындар (мысалы, негізгі құралдардың қайта бағалануы). Бақыланатын шығындарға кәсіпорын тарапынан бақылауға болатын, яғни осы кәсіпорынның көмегімен бақыланатын шығындар жатады. Бақыланбайтын және бақыланатын

Изображение слайда

Слайд 19: Шығын функциясы

Регрессия теңдігі ол тәуелді айнымалы шама (бұл жағдайда - шығындар) мен бір не бірнеше тәуелсіз айнымалы шамалар (белсенділік көрсеткіші) арасындағы күтілетін тәуелділікті көрсетеді. Теңдік бір ғана тәуелсіз айнымалыны енгізгенде – қарапайым регрессия туралы айтылады. Теңдік екі не бірнеше тәуелсіз айнымалы шамаларды қосқанда, көптік регрессиия туралы айтылады. Шығын функциясы

Изображение слайда

Слайд 20: Шығын функциясы

Егер тек бір ғана тәуелсіз айнымалы шама және тәуелділік сызықты болса, онда регрессия түзуі тіке сызық теңдігі түрінде келесідей суреттелуі мүмкін: y = a+bx Шығын функциясы

Изображение слайда

Слайд 21: Шығын функциясы

Егер біз тәуелді айнымалы шама (шығындармен) мен тәуелсіз айнымалы (қызмет түрі) арасындағы байланысты көрсеткіміз келсе, онда: y - х белсенділік деңгейіндегі есепті кезеңнің жалпы шығындары; а - есепті кезеңнің жалпы тұрақты (айнымалы емес) жұмсалымдары; b - қызмет түрі бірлігінің орташа айнымалы жұмсалымдары; х - қызмет түрінің көлемі немесе есепті кезеңнің шығындар факторы. Шығын функциясы

Изображение слайда

Слайд 22: Шығынды бағалаудың әдістері

Шығындарды бағалаудың келесідей әдіс-амалдары бар: инженерлік әдіс бухгалтерлік шоттарды тексеру әдісі графикалық әдіс немесе шашыранды диаграммасы ең жоғарғы және ең төменгі шамалар әдісі ең төменгі квадраттар әдісі Шығынды бағалаудың әдістері

Изображение слайда

Слайд 23: Минимакс әдісі

Ең жоғары және ең төменгі мәндер әдісі - ең жоғары және ең төменгі белсенділік кезеңдерін таңдауға және осы екі деңгейге қатысты шығындардағы өзгерістерді салыстыруды қорытындылауға негізделген. Мысал. Төменде өнімнің шығарылуы және өткен 12 айдағы техникалық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар бойынша айлық есептік мәліметтер келтірілген. Минимакс әдісі

Изображение слайда

Слайд 24: Мысал

Өндіріс көлемі, бірлік. Техникалық қызмет көрсетуге кеткен шығындар, теңге Ең төменгі белсенділік деңгейі Ең жоғарғы белсенділік деңгейі 5000 10 000 22 000 32 000 Мысал

Изображение слайда

Слайд 25: Шешу

Шығындардағы айырма = 10 000 теңге = 2 теңге шығарылған өнім бірлігіндегі айнымалы шығындар Өндіріс көлеміндегі (белсен-ділік деңгейі) айырма 5000 сағ. Шешу

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Ш ығын дардың жіктелуі: Шешу

Тұрақты шығындар, жалпы шығындардан айнымалы шығындардың үлесін шегергендегі өндірістің кез-келген деңгейінде (өнім бірлігіндегі айнымалы шығындар тұрақты болып қалады деген болжам болғанда) бағалануы мүмкін. Осылайша, 5000 бірлік өндірісі кезінде жалпы шығындар 22 000 теңгені, ал жалпы айнымалы шығындар 10000 теңгені (5000 бірлік, 2 теңгеден) құрайды. 12 000 теңгедегі айырма - тұрақты шығындарға келетінін болжау қиын емес. Бұл жағдайда шығындар функциясы келесі түрде болады: у = 12 000 + 2 х Шешу

Изображение слайда

Похожие презентации